
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының әлеуметтік желідегі қоғамдық қабылдау парақшасына тұрғын Халима Әшірбекқызы сауал жолдаған болатын. Сауран ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің Халықты жұмыспен қамту орталығы келген сауал бойынша төмендегідей мәлімдейді. Бұл жөнінде Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Сауран ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің Халықты жұмыспен қамту орталығына мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке электронды өтініш берген Сауран ауданы Шорнақ ауылдық округінде тіркелген Халима Әшірбекқызы бүгінгі таңда тіркелген мекенжайда тұрмайды.
Халима Әшірбекқызымен ұялы телефонмен байланыс кезінде (өзінің айтуы бойынша) қазіргі таңда Түркістан қаласында пәтер жалдап тұратындығы анықталды. Тұрғылықты жері Сауран ауданы болмағандықтан, «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» заңына сәйкес көмек тағайындаудан бас тарту жүргізілетіндігі түсіндірілді. Осы аталған заңға сәйкес, тұрғылықты мекен жайына қатысты мәселені нақты шешіп, Түркістан қаласына өтініш беру қажеттігі хабарланды».
Бұдан бөлек «Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының әлеуметтік желідегі қоғамдық қабылдау парақшасына Сауран ауданы, Оранғай ауылдық округінің тұрғыны Берік Жұмахметұлы Қуандықтан келген сауал бойынша төмендегідей мәлімдейміз» — дейді Сауран ауданы әкімдігіндегі жауапты мамандар.
«Сауран ауданы бойынша 2022 жылы ұялы байланыс операторларының жоғары жылдамдықты интернет желісімен қамту міндеттемелеріне Ынтымақ, Бершінтөбе, Шыпан, Шекербұлақ, Қарашық, Ескі Иқан, Еңбекші диқан, Қосмезгіл елді мекендері ағымдағы жылдың жоспарына енгізілген. Ал, қалған елді мекендер кезең кезеңімен алдағы жылдары қамтылатын болады.
Оранғай ауылдық округі бойынша бүгінгі таңға «Транстелеком» компаниясының мамандары тарапынан интернет желісін үйлерге орнату жұмыстары жүргізілуде. Бұдан бөлек, «Қазақтелеком» компаниясы кабелмен интернет желісін тартуды тұрғындарға ұсынып отыр. Аудан әкімі тарапынан аталған интернет желісін орнатушы компанияларға арнайы жер бөлініп берілген. Бұл көтерілген мәселе аудан әкімдігінің бақылауында болады».
«ANYQ.KZ»-ақпарат.
Hello there, just became aware of your blog through Google, and
found that it is really informative. I am going to watch
out for brussels. I will appreciate if you continue this in future.
Lots of people will be benefited from your writing. Cheers!
This could substantially boost the performance and lifespan of
tools.
The financial gains of Mantle 3D technology are clear, particularly in terms
of reducing material waste and production costs.
The smooth transition from prototype to production with Mantle’s 3D technology is remarkable.
https://solo.to/kobet1
https://www.outlookindia.com/plugin-play/ED8590ED8590EBB2B3-EB8F99EC9DBC-EC8694EBA3A8EC8598-EBA994EC9DB4ECA080EC82ACEC9DB4ED8AB8-EBAAA8EC9584EBB3B4EAB8B0
http://starfc.co.kr/bbs/board.php?bo_table=free&wr_id=142683
http://www.chambugak.co.kr/bbs/board.php?bo_table=commu02&wr_id=13810
http://khdesign.nehard.kr/bbs/board.php?bo_table=free&wr_id=77483
https://hbv.hbni.co.kr/dev/bbs/board.php?bo_table=free&wr_id=104714
http://gabisoft.co.kr/bbs/board.php?bo_table=free&wr_id=143723