Түркістан: «Қазақстандық мектептің заманауи моделі» сессиясы өтті

Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетімен түзілген ынтымақтастық меморандумы аясында академиялық кеңестің мәжілісі өтті.

«Қазақстандық мектептің заманауи моделі» атты стратегиялық сессияға

«AMANAT» партиясы жанындағы Білім беру және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің төрағасы Жұлдыз Сүлейменова ханым бастаған жұмыс тобы келді. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Гүлдара Нұрымова, «ҚАРАШАҢЫРАҚ» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Баян Ахатай да арнайы қонақ болды. Мәжілісті ректор Жанар Амангелдіқызы жүргізді.

Жиында Білім беруді дамыту орталығының директоры Төлімбет Бақытжан Нұрмаханбетұлы «Түркістан облысы білім беру ұйымдарын дамыту перспективалары» тақырыбында баяндама жасады. Педагог кадрларды әдістемелік қолдау мақсатында Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының білім беруді дамыту орталығы бірнеше жобаларды іске асырып жатқандығын, атап айтсақ,

«Әдістемелік десант» жобасы

«TOnline adisker» жобасы

«KitapХан@» жобасы

«Болашақ директорлар мектебі» жобасы

«Өскенде кім боласың» жобасы.Сондай-ақ білім беруді дамыту орталығы Павлодар облысы білім беруді дамытудың инновациялық орталығымен, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-мен өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылғандығын жеткізді.

Айта кетейік, биыл Түркістан облысындағы 961 мектепте 510 мыңнан астам бала білім алады. Ал, 1-сыныпқа 54 570 оқушы қабылданады деп күтілуде. Бұл еліміздегі ең үлкен көрсеткіш.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.