Түркістан: Қосымша білім беру саласы бойынша секциялық жұмыс

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы, облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен 2022 жылғы тамыз айының 18 күні Түркістан қаласы «Ақжайық» музыка мектебінде Түркістан облысының білім беру саласы қызметкерлерінің «Білімнің басты құндылықтары: отаншылдық, білімге құштарлық, еңбекқорлық» тақырыбындағы 2022 жылғы облыстық тамыз кеңесінің аясында қосымша білім беру саласы бойынша секциялық жұмысы өтілді. Кеңестің модераторлары Биболова Алия Таңатқызы Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының бас маманы, Облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығының директор Ешенқұлов Бақытжан Қабайұлы, Облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығының бөлім басшысы Нығметова Клара Канбетқызы. Кеңесте қосымша білім беру мамандары баяндама жасады. Атап айтсақ: Қазығұрт ауданы, оқушылар үйінің директор Қалдыкөз Нұрлан Нұрбайұлы «Қосымша білім беруді ұйымдастыру заман талабы». Ордабасы ауданы, Өнер мектебінің педагогы А. А. Абуталипова» Қосымша білім беру-балалардың ұлттық кәсібейлігі мен тұлғаны қалыптастырудағы ажырамас бөлігі «. Мақтаарал ауданы, Қ. Әбдалиев атындағы N54 жалпы орта мектебінің педагогы Ж. Қалдыбаева» Өзін-өзі басқару ұйымы» Мақтаарал ауданы, С. Рахымов атындағы жалпы орта мектептің қосымша білім беру педагогы Қази Ықылас» Пікірсайыс- тұлға болып қалыптасудағы алғашқы қадам. Түркістан қаласы, Оқушылар сарайының директоры Икапова Индира Сарқытқызы «Қосымша білім берудің сапалы қоғам құрудағы маңызы». Мастер класс»Би өнерін дамыту жөніндегі» Сайрам ауданының саз мектебінің хореграфия пәні бойынша педагогы. Баяндама соңы оқушылардың концерттік бағдарламасына ұласты.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.