Түркістан қаласында оқырман білімін тереңдетуге бағытталған «Қазыналы керуен» акциясы жалғасып жатыр

Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен «Қазыналы керуен» облыстық акциясы өтті. Акцияның қонақтары – Отырар ауданы және Арыс, Түркістан қалаларының орталық кітапханалары.

Кітапханашылар Сақ патшайымы – Зарина, Абылай хан, Мұхамеджан Тынышбаев сынды өткен әр дәуірдің тұлғалары жайында, ал жас оқырмандар робототехника туралы сахналық қойылым көрсетті. Спорт шеберлері, чемпиондар өнер көрсетіп, түрлі жырлардан жинақталған әдеби композициялар көрермен қошеметіне бөленді.

Шара барысында «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Жанат Шардарбекова, Отырар аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Сағынтай Құттыбай, Түркістан қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Динара Жіпсыбаева, мәдениет қайраткері Әмірхан Жұмағұлов қорытынды сөз сөйлеп, акцияның оқырманға берері мен танымдық тұстары жайлы сөз сөйледі.

Акцияның басты мақсаты – аудандық әріптестік байланысты нығайта отырып, тарихты насихаттау.

Бұдан бұрын акцияны Ордабасы, Бәйдібек, Созақ аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі өткізген болатын. Шараға келген зиялы қауым өкілдеріне арнайы жасақталған кітап көрмесі таныстырылып, тарихтан сыр шертер қойылым көрсетілді.

Акция басында аудандар өз өлкелерінен шыққан ақындарының шығармаларын нақышына келтіріп оқырман жүрегіне жеткізе білді. Ал акцияның екінші бөлімінде «Ұлы дала тарихы» тақырыбындағы көріністер қойылды. Атап айтқанда, Ордабасы ауданы «Сақ дәуірі» мен «Қазақ хандығы» бойынша «Қазақ хандығы – киелі Түркістанда» қойылымы, Бәйдібек ауданы «Алаш зиялылары» бойынша Алаш зиялыларының бірі де бірегейі А.Байтұрсынұлының «Анаға хат» шығармасынан қойылымын, Созақ ауданы «Жаңа Қазақстан» бойынша қойылымын көрерменге ұсынды.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin