Түркістан қаласы: Отырар секторы бойынша 788 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, 762 балаға азық-түлік және тұрмыстық химия жиынтықтары берілген

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Әбдісаттарұлы Тұрашбеков алдын ала бекітілген кестеге сәйкес, шаһардың «Отырар» секторында кезекті кездесуін өткізіп, атқарылған жұмыстар мен жоспарлары туралы баяндады.

Қала басшысының айтуынша, 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасының «Еңбек» бағыты аясында ағымдағы жылы Түркістан қаласы бойынша 8 165 адам жұмыспен қамтылып отыр. Оның ішінде, Отырар секторы бойынша 788 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, ай сайын төленіп жатқандығын атап өткен орынды. Сонымен қатар Отырар секторы аумағындағы 762 балаға азық-түлік және тұрмыстық химия жиынтықтары берілуде.

Оған қоса Отырар секторында Ұлы Отан соғысының 1 ардагеріне 1 миллион теңге, ал 84 тыл еңбеккеріне 30 000 теңге төленген екен. Бұл ретте 1142 мүмкіндігі шектеулі азаматқа қолдау көрсетілгені тағы бар. Бұл мақсатқа 183,5 миллион теңге бағытталған екен.

Одан бөлек, қалада әлеуметтік қызмет көрсету орталығы ашылған-ды. Аталған орталық 3 бағытта жұмыс атқарып жатыр.

– тең қоғам;

–  белсенді ұзақ өмір;

– әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу.

Осы орайда атап өтер жайт, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті көрсету тәртібі Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» №246 Заңының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 30 желтоқсандағы «Кепілдік берілген әлеуметтік топтама шеңберінде ұсынылатын көмектің түрлері мен көлемдерін айқындау туралы» №1032 қаулысының, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы «Учаскелік комиссиялар туралы үлгілік ережені, сонымен қатар өтініш берушінің материалдық жағдайын тексеру қорытындысы бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаждығын айқындау өлшемшарттарын бекіту туралы» №29-ө бұйрығының, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесін бекіту туралы» №237-ө бұйрығының, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу және кепілдедік берілген әлеуметтік топтаманы ұсыну қағидаларын бекіту туралы» №320 бұйрығының негізінде жүзеге асырылады. Атаулы әлеуметтік көмекке өтініш беру үшін «Е-GOV» порталы арқылы немесе халықтық кеңсеге барып, ЭЦҚ арқылы өтініш береді. Бұл ретте азамат өзімен бірге жеке басын растайтын құжатын, балаларының туу туралы куәліктерін, өтініш берушінің банктегі шот нөмірін және қажет болған жағдайда жұмыс орны бойынша растама құжаттарын ала баруы қажет.

Өтініштер бір күн ішінде жұмыспен қамту орталығына түсіп, учаскелік комиссия төрағасына жолданады және комиссия 7 жұмыс күні ішінде өтініш берушінің мұқтаж немесе мұқтаж еместігін анықтап, комиссия қорытындысымен жұмыспен қамту орталығына ұсынады.

Орталық бір күн ішінде шешім жобасын қабылдап, уәкілетті органға құжаттарды хатпен жолдайды.

Уәкілетті орган 3 жұмыс күні ішінде тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту және құжаттарды қайта қарауға жіберу туралы шешім қабылдайды.

Құжаттарды қайта қарауға мемлекеттік органдар мен ұйымдарға сұрау салу қажет болған жағдайда тиісті мемлекеттік органдарға және (немесе) ұйымдарға сұрау салу жүзеге асырылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш иесіне жазбаша хабардар етіледі, сұрау салуға жауап алғанға дейін, бірақ күнтізбелік 30 күннен артық емес күнге дейін ұзартылады.

Атаулы әлеуметтік көмек тағайындалғаннан  шешімі негізінде уәкілетті орган бір жұмыс күні ішінде қазынашылық органдарына төлеуге шешім қабылдаған айдан кейінгі айдың 5-күніне қарай ай сайын тағайындалған сомаларды төлем ведомосына енгізуді қамтамасыз етеді.

Атаулы әлеуметтік көмекті төлеу ай сайын атаулы әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылданған айдан кейінгі айдың 10-күніне қарай жүзеге асырылады.

Қазақстанда  жан басына шаққандағы айлық табысы кедейлік деңгейден төмен азаматтарға (отбасыларға) атаулы әлеуметтік көмек (АӘК), яғни ай сайынғы ақшалай төлем көзделген.

Тағы бір назар аударарлығы, Түркістан қаласының аумағы 22,4 мың гектар аумақта орналасқан. 2022 жылдың 1 тамыз айына халық саны 194 774 адамды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 3,6% артқан (2021 жылы – 187 998). Оның ішінде, Отырар секторының аумағы 3,4 мың гектарды құрайды, онда 50 750 адам бар.

Жалпы, жыл басынан бері аталмыш секторда 3 кездесу өткізіліп, 127 мәселе көтерілген болатын. Атап айтсақ:

– 62 мәселе орындалып, шешімін тапты (оның 9-ы жолға, 12-сі инфрақұрылымға, 6-ы қоғамдық көлікке, 15-і абаттандыру және тазалыққа қатысты, бұдан бөлек тағы басқа 20 түйткілдің түйіні тарқатылған);

–  6 мәселе бойынша жұмыстар жүргізілуде;

–  59 мәселе заңға сәйкес түсіндірілді.

Ағымдағы жылы Түркістан қаласына 295,4 миллиард теңге инвестиция тарту жоспарланса, 10 айында 204 миллиард теңгеге инвестиция тартылды.

Қазіргі уақытта «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында  217,8 мың шаршы метрді құрайтын 3392 пәтерлі (2683 пәтер несиемен, 709 пәтер кезекпен) 53 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.

2022 жылдың 10 айында 200,9 мың шаршы метр құрайтын  3 152 пәтерлі 49 тұрғын үй берілген.

Бүгінгі таңға 14 839 адам тұрғын үй кезегінде тұрса, жыл соңына дейін тұрғын үй кезегіндегі әлсіз топ және көпбалалы отбасыларға 709 пәтермен қамтылып, нәтижесінде кезекте тұрғандар саны  14 130 құрайды.

Түркістан қаласында жалпы – 33 мемлекеттік, 26 жеке мектеп ұйымдары бар, оқушылар саны – 50 841. Оның ішінде, Отырар секторында 9710 бала білім алатын 4 мектеп орналасқан.

Сондай-ақ, №23 Ж.Тәшенов жалпы орта мектебінің 3 ауысымға өту қаупі бар. Алдағы уақытта қала аумағында 11 мектептің құрылысы жоспарлануда (2 мектеп республикалық бюджет есесбінен, 9 мектеп «Жайлы мектеп» бағдарламасы аясында), оның ішінде Отырар секторында 2000 орындық 3 мектеп құрылысы жоспарланған.

Түркістан қаласын газдандыру жұмыстары қарқынды түрде жүргізіліп, 39 937 абонент (1877-сі қосылмаған) газбен жабдықтау желілеріне қосылды. Бүгінгі күні «көгілдір отынды» 38060 абонент (дербес шот ашылғаны – 31 240, техникалық атқарушы құжат рәсімделіп жатқаны – 3 266, құжаттар рәсімделіп жатқаны — 3 554) немесе қала тұрғындарының 91,1%-ы дербес шот ашып, пайдалануда. Оның ішінде, Отырар секторы бойынша 14 754 абонент болса, 8 763 абонент газ игілігін көріп отыр.

Түркістан қаласының аумағында 39 937 электр абоненті бар болса, олардың тек 33 937 абоненті сапалы электр қуатымен қамтылған. Оның орташа сағат тұтыну мөлшері – 48,8 МВт/сағ. Отырар секторында 1 нысанның құрылысы аяқталып, 2 мыңға жуық адам сапалы электрмен қамтамасыз етілді. Одан басқа, 1 нысанның құрылысы жүргізілуде (2 мың абонент).

Сонымен қатар, алдыңғы кездесулерде 8 мәселе көтеріліп, нәтижесінде 8 трансформатор орнатылды. Бұл өз кезегінде қала тұрғындарын сапалы электрмен қамтуды 98,5%-дан 99%-ға жеткізеді.

Түркістан қаласында 38 220 абонент ішінде ауыз сумен 37 655 абонент немесе 98,5%-ы қамтамасыз етілген. Су алу көздері — Біресек (1590 м3/ сағ) және Мырғалымсай (3 200 м3/ сағ).

Алдыңғы кездесулерде Шәді ақын көшесінде ауыз су қысымының төмен екендігі туралы шағымдар түскен болатын, Қазыбек би мен Б.Саттарханов даңғылы арасындағы тұрғын үй массивінің ауыз су қысымын көтеру мақсатында құрылыс жұмыстары басталды.

Орталықтандырылған кәріз жүйесімен 32,2% немесе қаланың 12 297 абоненті қамтылған.

Отырар секторында 2022 жылы 1 нысанның құрылысы жүргізілуде, 1 нысанға жобалық сметалық құжаттамасы әзірленуде.

Қалаға сапалы жылу беру үшін тозығы жеткен жылу жүйесін кезең-кезеңмен жаңарту жоспарланған. Осыған орай, 1 нысанның жобалық сметалық құжаттамасы әзірленіп, мемлекеттік сараптамаға ұсынылды. Аталған жобаны іске асырған жағдайда қала аумағындағы тозығы жеткен желілердің үлесі 30% дан 10%-ға дейін төмендейтін болады.

Қала аумағында 845 шақырым жол, 875 көше (оның ішінде 316,1 шақырым асфальт жол, 392,5 шақырым тас жол, 136,4 шақырым топырақ жол). Нәтижесінде, 2022 жылдың қорытындысымен жақсы және қанағаттанарлық жолдардың үлесі 37,4%-дан 39,5%-ға артып, нәтижесінде асфальт жол — 333,6 шақырым (39,5%), тас жол — 478,3 шақырым (56,5%), топырақ жол — 33,1 шақырым (4,0%) деңгейіне жетті.

Қала ішінде жалпы 21 бағытта 220 қоғамдық көлік қатынайды. Аталған көліктердің 78-і сыйымдылығы жоғары автобустар (жақсы жағдайда) болса, қалған 142-сі — шағын автобустар (нашар жағдайда).

2021 жылдан бастап қала ішінде экологиялық стандарттарға сәйкес 78 жаңа автобус (40-ы – «ТехПрофАвто» ЖШС-ні тиесілі, 38-і – «Жолаушы» ЖШС-не тиесілі) алынды, нәтижесінде қаладағы қоғамдық көліктердің 34%-ы жаңаланды.

2020 жылы қала аумағындағы жарықтандырылған көшелер үлесі 31,8%-ды құраған. Жалпы көрсеткіш – 269 көше, 347,7 шақырым.

2021 жылы Түркістан қаласында 124 көшеге (147,8 шақырым) жарықтандыру жүйесі жүргізіліп, жарықтандырылған көшелер үлесі 46,5%-ды құраған. Жалпы көрсеткіш – 393 көше, 495,5 шақырым.

2022 жылы атқарылған жұмыстардың нәтижесімен, қала аумағындағы 93 көшеге (123,1 шақырым) құрылыс жұмыстары жүргізіліп, жарықтандырылған көшелер үлесі 57,4%-ға жетті. Жалпы көрсеткіш – 485 көше, 618,6 шақырым.

Алдағы 2023 жылы Түркістан қаласының 277,2 шақырымды құрайтын 272 көшесіне құрылыс жұмыстарын жүргізіп, жарықтандыру жүйесімен қамтылған көшелер үлесін 89%-ға (895,8 шақырымды құрайтын 757 көшені) жеткізу жоспарлануда.

Қала аумағында саябақтар мен гүлбақтар, көшелер мен жасыл баулар мен аумақтарда көгалдандыру күтіп-ұстау, санитарлық тазалық туралы да айта өтейік.

Түркістан қаласы аумағындағы жалпы қолданыстағы саябақтар, скверлер, бульварлар, көшелер мен жасыл аймақтарды тазалау, жинау, жасыл желектерді (ағаш, бұталар, көгал, гүлдер) күту және егу, шағын сәулеттік формалар мен ескерткіштерді, субұрқақтарды, суғару жүйелерін күтіп-ұстау және салу. Күту жұмыстары қаңтар айынан желтоқсан айы аралығанда жыл бойы жүргізіледі.

Қызмет көрсету аумағы: 248 нысан – 524 га., ағаш көлемі: 695 247 дана, көгал аумағы: 2 560 000 ш.м., бұталар көлемі: 350 856 дана, гүлдер аумағы: 7 га. Техникалар мен құрылғылар: 211 бірлік (56 ірі, 155 ұсақ).

Саябақтар: 30 нысан — 237 га, сквер аллеялар: 30 нысан – 34 га, көшелер: 29 нысан — 60 га, жасыл алаңдар мен аймақтар: 15 нысан — 121 га, секторларға бекітілген көшелер мен аумақтар: 147 нысан — 47,5 га.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы Отырар секторында Яссы көшесі бойынан желілік саябақ аумағы 2.98 га құрылысы, «Сырдария, Арман» тұрғын үй кешенін абаттандыру аумағы 18,8 га, Әкімшілік-іскерлік орталығы 7 және 30 көше бойындағы саябақ 10,5 га құрылысы, «Парасат» саябағын реконструкциялау жұмыстары жүргізілді.

Қала көлемінде гидрантты жүйемен суғару жұмыстары 6 кезеңге бөлінген.

1-кезең Ботаникалық бақ аумағы (трапеция) 611 га, 62 шқ іске қосылған;

2-кезең Б.Саттарханов даңғылы мен Майкотов көшесінің аралығы, 620 га, 110 шақырым іске қосылған;

3-кезең Қазыбек би мен Жарылқапов көшесі аралығы, Батыс Қытай Батыс Европа жолының бойы (магистраль), 336 га, 25 шақырым жұмыс жүргізілуде;

4-кезең Кентау тас жолы, Оралман аумағы. Қотырбұлақ су сақтау қоймасынан қалаға кіре беріс 320 га, 40 шақырым іске қосылған;

5-кезең Б.Саттарханов даңғылынан Ортақ тұрғын үй массиві аралығы 2023 жылға жоспар;

6-кезең Тұран аумағы гидрантты жүйемен қамтамасыз ету 2023 жылға жоспар;

7-9-шы кезеңдер 2024-2025 жылдарға жоспарлануда.

Жалпы қала аумағында 68 000 адам жер кезегінде тұрса, 2023-2024 жылдар аралығында 486 га жер (5 000 участік) адамдарға бөлу жоспарлануда.

Кездесуге келген азаматтар атқарылған жұмыстарға оң бағасын беріп, өзге де өтініштерін ортаға салды. Шаһар басшысы көтерілген мәселелердің заң аясында жоспарлы жүзеге асатынын жеткізді.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.