Түркістан: 5 мың тоннаға жуық қарбыз бен қауын Нұр-Сұлтан мен Мәскеуге экспортталады

Түркістанның «Жасыл белдеуі» алғашқы өнім берді.


Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев жергілікті кәсіпкерге бақша дақылдарын өсірудің инновациялық әдісін ұсынды. Өткен жылдың соңында отырғызылған жеміс ағаштары тек 3-4 маусымнан соң өнім береді, ал қауын мен қарбызды сату кәсіпкердің шығындарын ішінара жабуға мүмкіндік берді. Өмірзақ Шөкеев өңірдегі бизнесмендерді Түркістанның берекелі топырағына салынған әрбір теңгенің қайтарымын арттыру тәжірибесін пайдалануға шақырды.

Осы және басқа да жобаларды іске асыру Түркістан өңірінің су ресурстарын бөлудің жаңа саясатының арқасында мүмкін болды. Осыған дейін судың топыраққа сіңуінен (сүзгілер), канал арқылы 80 миллион м3-ден астам су шығындалып келген. Бетондау жұмыстарынан кейін су үнемделіп, жасыл желек пен диқандарға ағын су жететін болды. Сонымен қатар, Қаратау тау массиві суларының әлеуеті пайдаланылуда. Түркістан қаласын суару маусымының соңына дейін сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін платина салынды. Бұрын арық-атыздарда ысырап болған жер асты сулары да сауатты пайдаланыла бастады. Қосымша ұңғымалар бұрғыланды, су басқан Кентау шахталарындағы суды пайдалану жобасы әзірленуде. Жоба жүзеге асқанда жылына қосымша 40 млн.м3 су береді және кеншілер шаһарындағы жер асты суын пайдалануға мүмкіндік туады.

Облыстың екі колледжінің студенттері мен қызметкерлері Түркістанды көгалдандыру шарасының алғашқы жемісін жинауда. Оларды өткен жылы кәсіпкер Болат Әлиев сенімгерлік басқаруға алып, дуалды оқытудың қалай жұмыс істеу керектігін көрсетті. Студенттер іс жүзінде агробизнестің қыр-сырын меңгеріп, қосымша стипендия алуда.

400 гектар жерге қара өрік отырғызған «Dala fruit . kz» ЖШС-ң басшысы 150 га жерге егілген қауын-қарбыздан 3 млн.кг өнім өндірмек. Бүгін жиналған 50 тонна қауын-қарбыз қайырымдылық мақсатында өңірдегі мүгедектер үйі, ардагерлер үйі мен балалар үйіне жеткізілді.

 «ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.