ТӨЛЕБИ: «ТАМЫЗ КЕҢЕСІ»

Төлеби ауданында барша ұстаздар бас қосатын ауқымды, әрі маңызды «Білімнің басты құндылықтары: отаншылдық, білімге құштарлық, еңбекқорлық» тақырыбында Тамыз кеңесі болып өтті. Тамыз кеңесі – ұстаздар арасында көп жылдан бері дәстүр болып қалыптасқан алқалы жиын ғана емес бұл – білімнің заман талабына сай даму бағыттарын айқындайтын, ұлт ұрпағын тәрбиелейтін тұлғалардың пікір алмасып, ой бөлісетін ортасы.

Тамыз конференциясында заман талабына сай білім беру саласын жақсартудағы атқарылып жатқан жұмыстар аясында аудан әкімі Т.Телғараев сөз алып, ұстаздарды жаңа оқу жылымен құттықтады.

Жаңа оқу жылындағы мақсат, міндеттер, маңызды мәселелер жайлы адами әлеуетті дамыту бөлімі басшысының міндетін атқарушы А.Садықова баяндады.

Тамыз кеңесіне келген облыстық білім беруді дамыту орталығының директоры Б.Нұрмаханбетұлы өз сөзінде аудан ұстаздарына жаңа Қазақстанға тірек болатын білімге құштар, қоғамға жауапты, саналы ұрпақ тәрбиелеуге шақырды.

Облыстық педагогикалық шеберлік орталығынан келген аға оқытушы А.Балтабаева педагог кадрлардың біліктілігін арттырудың жаңа мазмұны жайлы баяндады.

Кеңеске ауданның ардагер ұстаздары мен қамқоршылық кеңес төрағалары, мектепке дейінгі білім беру ұйымының меңгерушілері мен мектеп басшыларынан бас аяғы 230 адам қатысқан бұл жиында білім саласына еңбегі сіңген ардагер ұстаздар Төлеби ауданының 90 жылдық медалімен, білім саласының өркендеуіне сүбелі үлес қосып келе жатқан ұстаздар оқу-ағарту министрінің, облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының Құрмет грамоталары, облыс, аудан әкімдерінің алғыс хаттарымен, облыстық, аудандық мәслихаттың мақтау қағаздарымен 50-ге жуық қызметкерлер марапатталды.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.