Төлеби ауданы Тасарық ауылдық округінде ара шаруашылығы қарқынды дамып келеді

Төлебилік шаруалар омарташылықты өркендетіп отыр.


Ауданда алмалы-салмалы омартаны пайдалану кеңінен қолданылады. Мамыр мен қыркүйек айлары — омарташылардың бал жинайтын кезі. Ауылда бал жинауды қолған алған шаруалардың бірі Салман Лебиев. Бал өнімдерін дайындауды кәсіп еткен азамат бұл ісін бастау үшін «Бастау бизнес» жобасы арқылы грант ұтып алған. Мемлекеттен алған грант көмегімен бүгінде өз кәсібін дөңгелетіп отыр.

«Ара — өте еңбекқор, тынбай еңбек етіп, өздерінің темірдей тәртібіне бағынады. Ара омартасында олар отбасы болып тіршілік етеді. Әрқайсысы өзінің міндеттерін мүлтіксіз орындайды. Сондай-ақ олар тазалықты жақсы көреді. Сондықтан омартаны үнемі таза ұстау керек. Сапалы бал алу үшін омартаны жақсылап тазалап, жеміс ағаштарының және гүлдердің жанына қоямын. Нәтижесінде күніне 27 жәшіктен 4 келі дейін бал жинаймын. 15 жәшік омартаны үй ауласына қойып, қалған 12-ін тау баурайына алып барып орнаттым. Кәсіппен отбасымызбен айналысамыз», — дейді омарташы С.Лебиев. 

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

4 Comments

  1. Hey! Do you know if they make any plugins to help with SEO?
    I’m trying to get my website to rank for some
    targeted keywords but I’m not seeing very good success. If you know of any please share.
    Thanks! You can read similar article here: GSA List

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.