ШЫМКЕНТ: 2024 ЖЫЛДЫҢ 3 АЙЫНДА 98,8 МЛРД ТЕНГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛДЫ

2024 жылдың 3 айдың қорытындысымен Шымкент қаласына 98,8 млрд теңге инвестиция тартылып, 2023 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 110,9% құрады. Оның ішінде, мемлекеттік бюджеттен түскен инвестициялар көлемі 13,2 млрд теңге, ал жекеменшік инвестициялар 85,6 млрд теңгені құрады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Шымкент қаласында кәсіпкерлік, индустриялық-инновациялық, өнеркәсіп, инвестициялар, сауда саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі жұмыс пен жетістіктер және алдағы жоспарлар туралы» баспасөз конференциясында белгілі болды.


«2024 жылдың 3 айдың қорытындысымен Шымкент қаласына 98,8 млрд теңге инвестиция тартылып, 2023 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 110,9% құрады. Шымкент қаласында 2024-2028 жылдар аралығында жүзеге асырылатын құны 1,7 трлн теңгеге 219 инвестициялық жобалардың пулы жасақталды. Онда жаңа 31 мыңнан аса жұмыс орындары ашылатын болады»,- деді спикер. .

2024 жылы қаламызда жалпы құны 262 млрд теңгеге 6336 жаңа жұмыс орындарымен 64 инвестициялық жоба іске асыру жоспарлануда.
Бүгінде Шымкент қаласында жалпы аумағы 869 га құрайтын 5 өнеркәсіптік аймақ жұмыс істейді. Бүгінгі таңда 330,9 млрд. теңге сомасына 344 жоба іске асырылуда. Оның ішінде, 229,0 млрд теңгені құрайтын 285 жоба 8,5 мыңнан астам жаңа жұмыс орнымен іске асырылды деп күтілуде.

Бүгінде Шымкент қаласының өнеркәсіп саласында белсенді жұмыс істеп тұрған 885 өнеркәсіптік кәсіпорын бар, оның ішінде 20 – ірі, 49 – орта және 816 – шағын өндірістерден құралған.

2024 жылғы қаңтар-наурыз айларында өнеркәсіптік кәсіпорындарымен өндірілген өнімнің көлемі 250,6 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өнеркәсіптік өндіріс индексі 4,3%-ға артты.

2023 жылы қалыптасқан өсу тенденциясын есепке ала отырып, 2024 жылы өнеркәсіпте өндірілетін өнім көлемі 1 107,5 млрд теңгеге жетеді деп болжануда.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin