ШЫМКЕНТТІКТЕР СЕНБІЛІККЕ ШЫҚТЫ

Шымкентте жалпы қалалық сенбілік өтті. Сенбілік қаладағы 4 ауданды да қамтыды. 

Абай ауданы бойынша тазалық жұмыстары жүргізіліп, Шымкент-Ташкент тас жолының бойына 2,2 шақырымға биіктігі 150-170 см құрайтын 2 мыңнан аса терек көшеттері егілді.

Айтып өтейік, қазан айында Жаңа әуежай терминалына барар жолдың бойына 353 арша ағашы мен 82 қырым қарағайы және Нұршуақ шағын ауданындағы Әл-Фараби көшесіне 200 қарағай көшеттері егілген болатын.

Қазіргі уақытта тал егу жұмыстарымен қатар, көп қабатты тұрғын үй аулаларындағы қоқыс алаңшаларының айналасы да қоқыстардан тазартылды. Бұл жұмыстарға «Build Stroi» ЖШС 7 жүк тиегіш (погрузчик) техникасы мен 12 жүк көлігін жұмылдырды.

Абай ауданында 258 аула мен 453 көп қабатты тұрғын үй орналасқан. Аталған үйлердің тұрғындарына арналып 112 қоқыс алаңшасымен 485 қоқыс контейнерлері бар.

ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА ӨТКЕН СЕНБІЛІКТЕ 600-ГЕ ЖУЫҚ КӨШЕТ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

Әл-Фараби ауданында өткен сенбілікте Бәйдібек би-Төлеметов көшелерінің қиылысына 550 түп қара ағаш және айланд ағаш көшеттері отырғызылды.

Сенбілікке Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері, қалалық «Жастар ресурстық орталығының» жастары, «Интерстрой НС», «Жасыл Ел» ЖШС жұмысшылары қатысып, қаланың жасылдануына 200-ге жуық адам атсалысты.

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДА 4000 ТЕРЕК АҒАШЫ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

Сенбілік жұмыстары Қаратау ауданында да жалғасты.

Сенбілікте “Мирас” шағын ауданында орналасқан “Шымсая” шатқалына Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының ұйымдастыруымен 4000-ға жуық терек ағашының көшеттері отырғызылды.

Тазалық жұмыстарына коммуналдық мекемелер, ассамблея жастары және басқарма мамандарымен қоса, жалпы 300 адам қатысты. Қосымша 3 техника жұмылдырылды.

ЕҢБЕКШІДЕ ЖАЛПЫ АУДАНДЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ

Еңбекші ауданының түрғындары да сенбіліктен қалыс қалған жоқ. Сенбілік 1- автожол бойында өткізіліп, сенбілікке Қаратөбе, Базарқақпа, Шаңырақ тұрғын алаптары аумағын қамтыды.

Тазалық жұмыстарына Жастар көшесінің тұрғындары және Еңбекші ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері мен «Жастар ресурстық орталығының» волонтерлары қатысып, 1785 дана ағаш көшеттерін отырғызды.

Сенбілікке жалпы саны 375 адам қатысып, 6 техника жұмылдырылды.     

 

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.