
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында бастауыш кәсіподақ ұйымы мүшелерінің қал-жағдайымен танысу, өзекті мәселелер болса, оның шешу жолын қарастыру мақсатында «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Әуесханов Серік Елемесұлы арнайы Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «№2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ бастауыш кәсіподақ ұйымы мүшелерімен кездесті.
Мекеме тарапынан басшының орынбасары Байболова Элмира және кәсіподақ төрағасы Усенбаев Асқар Амантайұлы қатысты.
Кәсіподақ ұйымы Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының құрамындағы кәсіподақтармен тығыз байланыста жұмыс жасап келеді. Құрамында 146 адам кәсіподақ мүшесі бар.
Кездесу қорытындысымен жиын өткізіліп, «Қауіпсіз еңбек жылы» аясында «ҚР Еңбек кодексі», «ҚР «Кәсіптік одақтар туралы» заңдарының талаптарын жүзеге асыру шараларын өткізу бойынша:
— Ұжымдық шарт түзу;
— Келісу комиссиясын құру;
— Өндірістік Кеңес құру, олардың жұмыстарын жүргізу;
— сондай-ақ, әдістемелік және құқықтық көмек көрсету, түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында жұмыс жасайтын медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, еңбегі сіңген және зейнеткерлік жасына келген бірқатар кәсіподақ мүшелеріне марапаттар табысталды.
Атап айтқанда, филиалдың «Еңбек озаты» төс белгісімен: Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «№2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-нің кір жуушысы Абишева Айжанкыз Махановна, Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «№2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-нің электромонтері Тойчиев Кахар Махмуджанович, филиалдың «Алғыс хатымен»: Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «№2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-нің дәрігер-терапевті Джаманкулова Меруерт Джамалбековна, Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «№2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-нің газоператоры Исатаев Мурат Манапович, Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «№2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-нің кезекші-медбикесі Мирабдулла Жансая Қайратбекқызы марапатталды.
889392 156316This internet site can be a walk-by way of for all of the data you necessary about this and didnt know who to ask. Glimpse here, and also you will certainly uncover it. 843694
263614 51979You produced some decent points there. I looked on the net for any problem and located most individuals goes in addition to with all your internet site. 545874