ШЫМКЕНТТІК СПОРТ САЙЫПҚЫРАНДАРЫ УНИВЕРСИАДАДА ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

Шымкенттік спортшылар универсиада тұғырының биігіне көтерілді. Елжана Таниева көркем гимнастика мен доптан, Никита Шахторин нысана көздеуден Ұлттық құрамада (командалық), Никита Чирюкин тапанша атудан, Диана Тұрсынбек садақ атудан 2-орын иемденді. Сондай-ақ Елжана Таниева көркем гимнастикадан, Никита Шахторин нысана көздеуден Ұлттық құрама командадан 3-орынды иеленді.

Қазір Қазақстан құрамасы жалпы есепте 10-орынға көтерілді. Еншімізде 1 алтын, 5 күміс, 5 қола бар.

Еліміздің, қаламыздың абыройын асқақтатқан сайыпқырандарымызды құттықтаймыз!

Айта кетейік, Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының жетістіктері  ауыз толтырып айтарлықтай. Өткен жылы қалада дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданатын азаматтар саны 498 852 адамды немесе қала тұрғындарының жалпы санының 42 пайызын құрады. Биыл бұл көрсеткішті 43 пайызға жеткізу назарда тұр.

Шымкент қаласының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспары бойынша спорт саласының көрсеткіштері 4 бағытты қамтиды. 2023 жылдың I тоқсанында Үстел теннисі кешені, жаңа ипподром құрылысы (демеуші есебінен), Металлург стадионы, №20 спорт мектебі спорт ғимаратының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін №12 спорт мектебінің қосымша корпусы, Sport Life футбол орталығының құрылысы аяқталады.

6 айдың қорытындысы бойынша қала спортшылары Азия чемпионаттарынан 61 алтын, 45 күміс, 35 қола, әлем чемпионаттарында 6 алтын, 5 күміс, 7 қола жүлдеге ие болды.

Биыл 2024 жылғы Олимпиада ойындарына жолдама берер жарыстар басталады. Бұл бағытта жоспарлы жұмыстар атқарылуда. Қытайда өтетін Жазғы Азия ойындарына шаһардан 50-ден астам спортшы үміткер болып отыр. Қазіргі таңда ҚР 6-шы жазғы Спартакиадасында 62 алтын, 55 күміс, 47 қола жүлдемен қала спортшылары жалпыкомандалық есепте 2-ші орында тұр.

Сонымен қатар, есепті кезеңде 1 еңбек сіңірген спорт шебері, 14 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 67 ҚР спорт шебері, 190 спорт шеберіне үміткер спортшылар дайындалды.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.