ШЫМКЕНТТЕГІ ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА МЕРЕКЕДЕ ЕКІ НЫСАН ХАЛЫҚ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

25 қазан Республика күні қарсаңында Шымкенттегі Әл-Фараби ауданы тұрғындарында қос қуаныш. Түркістан көшесі №2/3 үйінің ауласы мен Қарасу шағын ауданы №23 көпқабатты үйінің аулаларында абаттандыру жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді. Мұнда су жаңа балалар ойын элементтері, бастырма, орындықтар, қоқыс жәшіктері қойылған. Сонымен қатар Түркістан көшесі 2/3 үйінің ауласындағы спорт алаңы ағымдағы жөндеуден өтті. Аудан бойынша «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында 50 балалар алаңшасы және 9 спорт алаңшасын орнату жоспарланған. Бұдан бөлек 9 спорт алаңшасы ағымдағы жөндеуден өткізілуде. Маусым-тамыз айларында 28 аула абаттандырылып, 22-сі пайдалануға берілді. 

Айта кетейік, Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданына биыл 32 млдр. теңге қаржы тартылған. Биыл ауыз сумен қамту 2 есеге өсіп отыр. Ал электр жарығымене қамту 2 есеге, газбен қамту 10 есе асты. Абаттандыру саласын қаржыландыру 4 пайызға өсіп отыр.

Аудан тұрғындары толықтай инфрақұрылым жүйелеріне қосылып, 100 пайыз сапалы интернетпен қамтылды. Мұнда ішкі орамдық көшелер аптасына 2 рет, 172 қоқыс жәшігі күніне 3 рет, 425 қоқыс жәшігі күніне 2 рет, көп қабатты тұрғын үй аулалары аптасына 4 рет қоқыстан тазартылады. Көгалдандыру және жасыл желектерді күтіп ұстау мақсатында биыл 6 ай көлемінде: 1750 дана ағаш қырқылған, 11 420 ағаш әктелген, 100 413 дана гүл және 3300 ағаш отырғызылған. Жыл соңына дейін 180 мың түп гүл, 8 мың ағаш отырғызу жоспарланған.Естеріңізге сала кетейік, әкім ағымдағы жылы Әл-Фараби ауданы тұрғындарымен 12 рет кездесу өткізді. Осы күнге дейін 1217 түрңынды қабылдады. Онда 2341 сауал тыңдалды. Бүгінде 1400 тапсырма беріліп, сұрақтары шешілді. Қала басшысы кезең-кезеңімен халықпен кездесіп, онда айтылған проблемалардың шешілуіне жағдай жасап келеді. Алайда әлі де күрмеуі тарқамаған дүниелер жетерлік. Сондықтан қала басшысы барлық сала басшыларына ел арасында туындаған мәселелерді шешуде ауызбіршілік керек екенін айтты. Мемлекет басшысының берген тапсырмаларына сай жұмыс кезең кезеңімен жүріп жатқанын да тілге тиек етті.

 

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.