ШЫМКЕНТТЕГІ 65 СПОРТТЫҚ АЛАҢШАДА «АУЛА ЧЕМПИОНАТЫ» ОЙЫНДАРЫ ӨТЕДІ

Шымкентте оқушылар мен жастардың бос уақытын тиімді өткізу мақсатында аудандарда «Аула чемпионаты» ойындары басталды. Қалада жас ұрпақтың салауатты өмір салтын ұстануына барлық мүмкіндіктер жасалынған. Яғни, қаладағы көпқабатты тұрғын үйлердің аулалары спорт алаңшаларымен қамтылған.
Атап айтқанда, бес ауданда 373 спорт алаңшалары ел игілігінде. Маусым айында солардың ішіндегі 65 спорттық алаңшада «Аула чемпионаты» ойындары өтеді.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру, бұқаралық спортты дамытуды мақсат еткен сайыста балалар спорттың 7 түрінен – асық ату, ләңгі тебу,баскетбол добын торға түсіру, скакалкамен секіру, футбол қақпасын көздеу, гимнастикалық шеңбер айналдыру, турникке тартылудан сынға түсіп жатыр. Жеңімпаздар алғыс хаттармен және арнайы сыйлықтармен марапатталады.
Қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасы, аудан әкімдігі бірлесе ұйымдастыратын бұқаралық іс-шараға биыл
9 000-ға жуық баланы қамту жоспарланып отыр.
Одан бөлек, Шымкент қаласында 2023 жылдың жаз айында балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында аз қамтылған отбасының балаларына қала сыртындағы жазғы сауықтыру лагерлеріне тегін жолдама беріледі. Биылғы жылы Шымкентте 154 270 оқушының жазғы демалысын тиімді өткізу шаралары жоспарланған. Бұл қаладағы мектеп оқушыларының 64,8 пайызын қамтиды. Оның ішінде 16 715 –і қала сыртындағы, 137 555-і мектеп жанындағы лагерьлерде демалатын болады.
Балаларды сауықтыру, жетілдіру, дамыту және бос уақытын тиімді өткізу мақсатында қала сыртындағы лагерьлерде демалдыру үшін қала бюджетінен 308,5 миллион теңге қаралған. Оның ішінде, әлеуметтік аз қамтылған отбасы балаларына басымдық берілген.

Айта кетейік, үш жыл қатарынан дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан «Шымкент жастар лигасы» жобасының ІІІ – кезеңі өз мәресіне жетті. Финалдық ойындар қайта жаңғырып, реконструкцияланған «Металлург» стадионында өтті. Шымкенттің талай жылдық тарихына куә болған бұл стадионда жастардың спортпен алаңсыз айналысуына барлық қолайлы жағдайлар жасалған.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.