ШЫМКЕНТТЕ АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУДА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ОРНАТЫЛДЫ

Өзара ынтымақтастық және ҚР Адам құқықтарын қорғау мәселесі туралы кеңінен талқыланды.  

Шымкент қаласының әкімі М.Әйтеновтің қатысуымен өткен арнайы жиында адам құқықтарын қорғау мәселелері мен азаптауға және басқа да келеңсіздіктерге қарсы іс-қимыл шаралары талқыланды. Басқосуға қалаға жұмыс сапарымен келген ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев, сондай-ақ прокуратура, полиция, қылмыстық-атқару жүйесі органдарының басшылары қатысты. Кеңейтілген мәжілістің күн тәртібінде адам құқықтарын қорғаудағы нәтижелі жұмыстар талқыланып, тұрмыстық зорлық-зомбылықты алдын алу мәселелері қарастырылды. Омбудсмен Қазақстандағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл институтын дамытудың бірнеше негізгі бағыттарын атап өтті. Сондай-ақ, әр адам жасы мен жынысына қарамастан зорлық-зомбылықсыз және кемсітусіз өмір сүруге құқылы екеніне баса назар аударды.

– Адам құқықтары жөніндегі уәкіл институты өте маңызды. Біз адам құқықтарын қорғаудың басқа шаралары тиімсіз болған кезде әрекет етеміз. Сонымен қатар, біз басқа атқарушы немесе құқық қорғау органдарының құзыретін алмастыруға емес, толықтыруға және көмектесуге атсалысамыз, – деп атап өтті Артур Ластаев. 

М.Дүйсенбекұлы барлық құзырлы мекеме басшыларын Конституция талаптарын қатаң сақтауға және осы бағыттағы шараларды бірлесе атқаруға шақырды.

Омбудсмен адам құқықтары жөніндегі уәкіл институтының, әсіресе оның өңірлік өкілдіктерінің жергілікті деңгейде адам құқықтарын қалпына келтірудегі маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ Ұлттық превентивтік тетіктің рөлін арттыруда, азаптауларды болдырмау және олардың алдын алу мәселелерінде жергілікті атқарушы орган өкілдерімен бірлесе тығыз жұмыс жүргізуге сенім білдірді.

Мәжіліс соңында тараптар ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойып, аталған бағыттарда бірлесе жұмыс істеуге уағдаласты.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.