ШЫМКЕНТТЕ “БАЗАР ЖАСТАР ЛИГАСЫ” ОЙЫНДАРЫ БАСТАЛДЫ

12 тамыз – Халықаралық жастар күніне орай, Шымкент қаласының Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Базар жастар лигасы» турнирі басталды. Турнир – екі кезеңді қамтиды. Бірінші кезең — ұлдар арасында футболдан, екінші кезең — қыздар арасында волейболдан жарыс өтеді.

Турнирдің мақсаты – базар және сауда орындарындағы жастарға салауатты өмір салтын насихаттау, бос уақытын тиімді ұйымдастыру және жастар арасында бұқаралық спортты насихаттау.

Базар жастар лигасына Шымкент қаласында орналасқан базарлар мен сауда орындарынан 200-ге жуық өтінім түсіп, ережеге сәйкес, 160 жастан тұратын 16 команда жасақталды. Атап айтқанда Барыс, Тұлпар, Авто-Нұр, Айна, Жібек жолы, Алаш, Акбар, Көне қала, Пионер, Орталық қырғы базарлары және Технодом, Evrika, Магнум, Мечта, Sulpak, Север сауда орталығы командаларынан құралған.

«Базар жастар лигасы» турниріне Дене шынықтыру және спорт басқармасымен бекітілген 4 төреші алқасы тартылған.

“Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің басшысы Мағжан Исахов турнирді ашылу рәсіміне қатысып, барша жастарды Халықаралық жастар күнімен құттықтап, турнирге қатысушы жастарға ыстық лебізін жеткізді. Сонымен қатар, салауатты өмір салтын ұстанушы жастардың жұмысына сәттілік тіледі.

Екі аптаға созылатын жарыстың ұлдар арасындағысы апта бойына жалғасып — 11 тамыз күні аяқталып, марапаттау рәсімі өтеді.

Турнир ережесі негізінде ұлдар арасында I-орын, II-орын және III-орын иегерлері анықталып, Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы басшысы атынан арнайы диплом мен жеңімпаз командаға кубок табысталды.

1 орын – 10 – планшет

2 орын – 10 – смартфон

3 орын – 10 – велосипед

Айта кетейік, турнирдің екінші кезеңі 14 тамыз күні қыздар арасында волейболдан өтетін болады.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.