ШЫМКЕНТТЕ ЕРЕКШЕ ЖАНДАРҒА АЙЫРЫҚША КӨҢІЛ БӨЛІНГЕН

Мемлекет қоғамдағы барлық әлсіз топтарды назардан тыс қалдырған емес. Мүгедектігі бар жандарды әлеуметтік қолдаудан бөлек, оларды қоғамға баулып, оңалтуға арналған бағдарламаларды ұдайы түрде жүргізіп отырады. Осы орайда, Шымкент қаласындағы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты №9 әлеуметтік қызметтер көрсту орталығы 18 жастан жоғары психоневрологиялық ауруы бар науқастарға стационар негізінде қызмет көрсетіп келеді.

9 орталық қаламызда өткен жылдың 30 қаңтарында өз жұмысын жаңадан бастаған еді. Орталық стационарлы жағдайда 76, ал жартылай стационарда 2 орынға лайықталған. Қазір мұнда 75 ерекше жан қызмет алып жатыр.

Мекеме негізінен 18 жастан асқан психоневрологиялық ауруы бар, І-ІІ топтағы мүмкіндігі шектеулі науқастарға әлеуметтік қызметтер көрсетеді. Оның ішінде әлеуметтік-тұрмыстық, медициналық, психологиялық, педагогикалық, еңбекке баулу, мәдениет қызмет және құқықтық қызмет түрлері бар.

Қызмет алушылар 5 уақыт ыстық тамақпен қамтылып, бос уақытында әлеуметтік-педагогтар тарапынан түрлі терапиялық сабақтар ұйымдастырылады. Мәселен, еңбекке баулу сабағында алушылар қолөнер бұйымдарын жасауды үйренсе, ермексаздан жан-жануарлар мен жеміс-жейдектерді қолымен жасайды. Музыка сабағында жетекшінің көмегімен түрлі аспаптарда ойнап, әндер орындайды. Ал, мәдени демалыс үшін көркем фильмдер көрсетіліп, саябақтарға серуендеу ұйымдастырылады. Оған қоса қаламыздағы театр, концерттік бағдарламаларға да қатысады. Қызмет алушылар арасында орталықтың кітапханасында уақыт өткізетін жандар да бар екен.

Ал, оларды тұрмыстық жағдайға бейімделуі үшін мамандар әйелдерге тамақ пісіру, ерлерге киім кию, бет-қолын жуу секілді өзіне-өзі қызмет жасауды үйретеді. Бұл үшін арнайы әлеуметтік-тұрмыстық қызмет бөлмесі де жасақталыпты.

 

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin