ШЫМКЕНТТЕ ЖАҚЫНДА АШЫЛҒАН ОҚУШЫЛАР САРАЙЫНДА ҮЙІРМЕЛЕР ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Жуырда пайдалануға берілген Оқушылар сарайы бүгін алғашқы шәкірттерін қабылдап, үйірмелер жұмысын бастады. Үйірмелер 6 бағыт бойынша жұмыс істейді. Спорт және сауықтыру бағыты бойынша – 609, ғылыми-техникалық бағытта – 108, гуманитарлық және жастар қозғалысы бағытында – 132, өнер және музыкалық бағытта –128, көркем-эстетикалық бағытта – 66 оқушы қабылданды.

Бүгіннен бастап тағы 15 үйірме сайтқа енгізілуде. Олар: гитара, қуыршақ театры, саксофон, флейта, таеквандо, шахмат, асық ату, волейбол, компьютерлік сынып, экология, гидропоника, бағдарлама жасау, сенсорикалық кабинет, дефектолог, фото-бейне өңдеу үйірмелері.

Спорт және сауықтыру бойынша 15 үйірме жұмыс істеп тұр. Таэеквандо, шахмат, еркін күрес, тоғызқұмалақ, грек-рим, каратэ-до, бассейн, дзюдо, үстел теннисі, футбол, асық ату, волейболл, кикбоксинг, фитнес-зал. Ғылыми-техникалық бағыт бойынша 11 үйірме бар. Оның ішінде нақты жұмыс істеп тұрғаны – 6 (физика, биотехнология, кипавтоматика, дизайн және 3Д модельдеу, робототехника, lego құрылысы, химия.

Гуманитарлық және жастар қозғалысы бағыты бойынша 5 үйірме, журналистика, шешендік өнер, (ораторлық өнер – қазақ және орыс тілдерінде), журналистика қазақ және орыс тілдерінде, ағылшын тілі (лингвистика), дебат клубы оқушылармен жұмысты бастап кетті.

Өнер және музыкалық бағыт бойынша 8 атап айтқанда, домбыра, хореография, фортепиано, жетіген, қылқобыз, вокал, драма театр режиссері, скрипка үйірмелері жұмыс істейді. Көркем-эстетикалық бағыт бойынша 3, атап айтқанда, ағаш өңдеу технологиясы, бейнелеу өнері, қыш өнері, қолөнер үйірмелері іске қосылды.

 «Қабілетін арттырғысы келетін әрбір оқушыға есік ашық!»дейді мұндағылар.

 

 

 

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.