ШЫМКЕНТТЕ ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫ 20 ҚАЗАНДА БАСТАЛАДЫ

Шымкент қаласы әкімінің өкіміне сәйкес, 2022-2023 жылғы жылыту маусымы 20 қазаннан басталады. Айта кетейік, әуелі аурухана, балабақша мен мектеп сияқты әлеуметтік маңызы бар ғимараттар жылумен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ, қаладағы орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған 1987 көпқабатты тұрғын үйдің барлығы жылыту маусымына дайын. 15 жылу қазандықтар мен 17 сорғы стансалар да толық дайын. 19,4 шақырым жылу жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары толығымен аяқталған. Қаламызда көмір қоры жеткілікті. Естеріңізге сала кетейік, 2021-2022 жылғы жылыту маусымында 212 889 мың текше метр газ жұмсалған, оның ішінде жылу қажеттілігіне 81 130 мың текше метр газ тұтынылса, өткен маусымда 96 407 мың текше метр пайдаланылған болатын.Шымкент қаласында жылу беру маусымында 56 өрт оқиғасы тіркеліпті. 2020-2021 ж.ж. олардың саны 61 болып еді. Шымкент қалалық Төтенше жағдайлар департаментіндегілер өрттің шығуының негізгі себебі қондырғыларды орнату кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау екенін айтады. Сонымен қатар, электр жабдықтарын, пештер мен мұржаларды пайдалану кезінде, өрт қауіпсіздігін бұзу. Өрт оқиғалары негізінен жеке тұрғын үй секторында тіркелген.

Айта кетейік, 2021-2022 жылғы жылыту маусымында көмірқышқыл газымен уланудың бірде-бір оқиғасы тіркелген жоқ. Дегенмен табиғи газбен уланудың бес жағдайы тіркелген. Салдарынан алты адам қаза тапты, оның екеуі бала. Бір адам зардап шекті. Өрт пен жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында қызметкерлер тұрғындармен үнемі кездесулер өткізіп, тұрғын үйлерді аралап, учаскелік полициямен, газ қызметі қызметкерлерімен бірлесе отырып, рейдтер, өрт қауіпсіздігі айлықтары мен түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жылыту маусымы басталғалы 24 цифрлық телеарнада көмірқышқыл газымен уланудың алдын алу бойынша аудиороликтер күніне екі рет көрсетілген.  Шымкентте оқыс оқиғалардың санын азайту үшін 2192 үй газды автоматты реттеу жүйесімен қамтамасыз етілген. 2022 жылы тағы 2454 үйге орнату жоспарлануда. Ағымдағы жылыту маусымында әлеуметтік қорғалмаған отбасылардың үйлері мен пәтерлеріне 1208 автономды газ детекторлары орнатылды.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.