ШЫМКЕНТТЕ «ХАЛЫҚ ҚАТЫСАТЫН БЮДЖЕТ» ЖОБАСЫМЕН 13 ОЙЫН АЛАҢШАСЫ САЛЫНАДЫ

Биыл Тұран ауданында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында барлығы 13 балалар ойын алаңшасы салынып, халық игілігіне беріледі. Қазіргі уақытта Құрсай елді мекеніндегі Құлаңтөбе көшесінде, Ақтас елді мекенінде атауы жоқ көшеде және Бәйдібек би даңғылы 246 мекенжайында балалар ойын алаңшасының құрылысы басталды. Құрылыс жұмыстары 2023 жылдың тамыз айында толық аяқталып, нысан пайдалануға тапсырылады.

Ал, жыл соңына дейін Тұран ауданында Құрсай, Қазығұрт, Ақжар, Ақтас, Арғымақ елді мекендерінде, Отырар шағынауданы, Бәйдібек би даңғылы бойында ойын алаңшасы салынады.

Сонымен қатар, тұрындықтарға қажет тағы 10 ашық спорт алаңшасы орнатылады. Атап айтқанда, Отырар шағынауданы (№15/1, №41, №55, №13, №11, №40-42), Құрсай елдімекенінде (Сатқанбаев көшесі, Оңдасынов көшесі, Жұлдыз көшесі) спорт алаңшаларының құрылысы жүргізіледі.

Тілге тиек етейік, «Халық қатысатын бюджет» жобасы Шымкент қаласында бірқатар әлеуметтік нысандардың салынуына сеп болып отыр. Өткен жылы Қаратау ауданында осы бағдарлама шеңберінде 26 жоба бойынша аулалар абаттандырылып, ойын алаңшалары орнатылған. Биылғы жылы «Халық қатысатын бюджет» жобасы негізінде 34 аулаға жаңадан балалар ойын және спорт алаңшасы орнатылмақБиыл аудан аумағында бұқаралық спортты дамытуға басымдық берілген. Осы мақсатта 2023 жылы 7 ашық спорт алаңшасын орнату көзделіп отыр. Оның ішінде, Тұран шағынауданында — 2, Нұртаста — 2, Таскен тұрғын алабында -2, Өтеміс тұрғын алабында – 2 және Шапырашты тұрғын алабына — 1 спорт алаңы салынады«,-дейді жауаптылар. Спорт алаңдарында жаттығуға арналған Workout элементтерімен бірге, демалушыларға арналған беседка, қоқыс жәшіктері және орындықтар қойылады. Мұндай бастама тұрғындардың салауатты өмір салтын ұстануға, спортпен белсенді айналысуға мүмкіндік береді.

Айта кетсек, орнатылатын ойын және спорт элементтерінің басым бөлігі Шымкенттегі кәсіпорындарда өндірілген отандық өнімдер.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.