
Шымкент қаласы бойынша биылғы жыл басынан бері арендалық баспанамен қамтылған азаматтар тұрғын үй кезегінен шығарылып, түгендеу жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда. көпбалалы отбасылар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, халықтың әлеуметтік әлсіз тобы және бюджеттік ұйым қызметкерлері санаты арқылы баспанамен қамтылған азаматтар тізімнен алынып, тұрғын үй кезегі айтарлықтай алға жылжыды.
Сондай-ақ, Шымкент қаласы әкімдігінің тұрғын үй комиссиясының шешімімен арендалық баспанамен қамтылған азаматтар тізімі басқарманың ресми сайтында жарияланған. Ол үшін мына төмендегі сілтемеге өтіңіз: (https://www.gov.kz/…/shymke…/documents/details/502876…)
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сонымен қатар жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдау жөніндегі мемлекеттік қызметі республика бойынша kezekte.kz электрондық порталы арқылы іске асады.
Аталған электрондық порталдың кезектілік серпіні ашық түрде жүргізіледі. Кез келген қызметті алушы кезекте тұрған, тұрғын үймен қамтылған азаматтар туралы мәліметтерді білуге және өз кезегінің жылжу ретін толық көруге мүмкіндігі бар.
Биыл жыл басынан бері түрлі санаттар бойынша кезек реттілігі әр түрлі орналасқан 2700-ден аса азамат кезектен шығарылған. Оның ішінде 168 азамат арендалық бағытта шілде айында тұрғын үй комиссиясының шешімі бойынша тұрғын үймен қамтылғандар. Айта кету керек, кезек реттілігінің тікелей жылжуы арендалық бағытта баспанамен қамтылған азаматтарды кезектен шығару арқылы жүзеге асырылады.
Айта кетейік, 2023 жылы Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік бағдарлама аясында жыл соңына дейін жалпы саны 324 пәтер- арендалық бағытта кезегі келген халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобы, көпбалалы отбасыларға және жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар санатындағы азаматтарға, тұрғын үй кезегіндегі мемлекеттік қызметкерлерге табысталу көзделген болса, 888 пәтермен жұмыс істеп жүрген жастар қамтылатын болады. Бұдан бөлек 1732 пәтер несиелік бағытта тұрғын үй кезегіндегі азаматтарға берілу жоспарланып, оның ішінде қазіргі таңда 1034 азамат ипотекалық негізде өз баспанасына қол жеткізді. Яғни «5-20-25» несиелік бағыты бойынша 641 пәтер, «2-10-20 Бақытты отбасы» бойынша 322 пәтер, «Шаңырақ» бағдарламасы бойынша — 71 пәтер кредиттік бағытта рәсімделген. Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылы Шымкент қаласы бойынша 2881 пәтер берілген. Оның ішінде:
748 пәтер- кезегі келген халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобы, көпбалалы отбасыларға және жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар санатындағы азаматтарға;
857 пәтер — жұмыс істеп жүрген жастарға табысталған болатын.
1276 пәтер — «Отбасыбанк» АҚ-ы арқылы «2-10-20Бақытты отбасы», «5-10-20 Шаңырақ», «5-20-25» бағдарламалары бойынша несие негізінде берілді.