ШЫМКЕНТТЕ 8 МЫҢНАН АСА ЖАС ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ

«2021-2025 жылдарға кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба» шеңберінде 2023 жылы жұмыссыз жастарды жұмыспен қамтудың белсенді шараларын іске асыру жүргізілуде.

Биылғы жылдың қаңтарынан мамыр айына дейінші нәтижеге сәйкес Шымкент қаласы бойынша жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылғандар саны 8 319 адамға жетті.

Олардың ішінде:

— 156 жас skills.enbek.kz/kk платформада талап етілетін дағдылары арқылы онлайн-оқытылды;

— 129 адам әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылды;

— 768 адам жастар практикасына;

— 1289 адам қоғамдық жұмыс орыны;

— 652 адам алғашқы жұмыс орнына;

— 9 адам «Ұрпақтар келісім шарты» бойынша жұмысқа тартылды;

— 3 594 адам business.enbek.kz/kk «Бастау Бизнес» жобасы аясында (онлайн платформасы арқылы) оқып сертификатқа ие болды;

— 47 адамға комиссияның қорытындысына сәйкес, халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған мемлекеттік грант берілді;

— 1 675 жас бос жұмыс орындарына жолдамамен жолданды.

Шымкент қаласының жұмыс іздеуші жастары тұрғылықты мекен-жайлары бойынша жұмыспен қамту орталықтарына жүгіне алады. Жастарды жұмыспен қамтуға бағытталған мемлекеттік шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын таппақ.

Еске сала кетейік, Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша 2022 жылдың басындағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы жастарының саны 3,7 млн адамды құрады. 2022 жылдың 2 тоқсанының қорытындысы бойынша жұмыссыз жастар саны 68,5 мың адам. Республика бойынша жұмыссыздықтың жалпы деңгейі 4,9%, ал жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,8%.

Мемлекет жастарды жұмыспен қамтуда түрлі механизмдері қолданып келеді. Бұл ретте Еңбек министрлігі мен жергілікті әкімдіктердің бірлесіп жасап жатқан жобалары жетерлік. «Дипломмен ауылға», «Жастар практикасы», «Жасыл ел», «Серпін 2050» сынды бағдарламалар. Десе де, жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейінің көрсеткіші өте баяу түрде төмендеп жатыр. Себебі жастардың басым бөлігі ондағы жалақыны азсынады.

Қазақстанда қазіргі уақытта халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары, оның ішінде жастарды еңбекпен қамтамасыз ету «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021 — 2025 жылдарға арналған ұлттық жоба» шеңберінде іске асырылуда, оның ішінде өз кәсібін ашу және дамыту, субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру мен еңбек ресурстары дағдыларын дамыту үшін жағдайлар жасау жөніндегі бірқатар міндеттер бар.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.