ШЫМКЕНТ: БИЫЛ 1-4 СЫНЫПТАҒЫ БАРЛЫҚ ОҚУШЫҒА ТЕГІН ЫСТЫҚ ТАМАҚ БЕРІЛЕДІ

Биылғы оқу жылында ел бойынша 1-4 сынып оқушылары тегін тамақпен қамтылады.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биыл 1 қыркүйектен бастап аз қамтылған отбасылардан шыққан 1,5 миллионнан астам оқушыны, сондай-ақ әлеуметтік мәртебесіне қарамастан бастауыш сынып оқушыларын тегін тамақтандырумен қамту жоспарланған», — делінген Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің мәліметінде.

Республика бойынша тегін тамақтану құны орта есеппен 577 теңгені құрайды, ең жоғары баға Алматы қаласында – 800 теңге.

«Алдыңғы жылдары 1-4 сынып оқушыларын тегін тамақпен қамту 56,6% құрады. Бұл Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, Павлодар, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Ұлытау, Қызылорда және Атырау облыстарының оқушылары болды.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында қалған өңірлердің оқушыларын тегін тамақпен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілді. Осылайша жаңа оқу жылынан бастап 100% көрсеткішке қол жеткізілетін болады», — деді Балалардың құқықтарын қорғау комитеті басқармасының басшысы Дана Мақтаева.

Айтылып өткендей, бүгінде министрлік мектептегі тамақтану сапасын арттыру мәселесін пысықтап жатыр.

Айта кетейік, бұдан бөлек мектеп оқушыларының бос уақытын тиімді ұйымыдастыру, жазғы демалыс мәселесі де назардан тыс қалмайды. Мәселен, 2023 жылы Ұлттық жоспарға сәйкес 2-6 жас аралығында қамту жоспары – 82,8%, 3-6 жас – 100% қамтуды орындау жоспарланған. Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту үшін жан басына шаққандығы қаржыландыру нормативіне сәйкес, 2023 жылға әр балаға 45 603 теңге болып белгіленіп, 39 млрд. 748 млн. тг. қаржы қаралыпты.  Бүгінгі таңда қаладағы 587 балабақшада 1-6 жас аралығындағы кезекте тұрған 84 677 баланың– 91%-ы (76 859 бала) мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылған. Оның ішінде, 3-6 жас аралығындағы 59 954 бала – 100%, 2-6 жас аралығындағы 78 388 баланың 93% (72 863 бала) қамтылған.  2023 жылдың қыркүйек айынан бастап қосымша 2 945 орынға мемлекеттік тапсырысты орналастыру үшін жергілікті бюджет есебінен 2 845 орындық 30 балабақша ашылады. 1-6 жас аралығындағы әлеуметтік осал тобына кіретін жанұядағы бала саны – 17 231, оның ішінде балабақшаға баратыны — 8 155. Тегін ыстық тамақпен жек. балабақшаларда – 1 981 (24,3%) қамтылған.  Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап балабақшалардағы әлеуметтік осал тобына кіретін жанұядағы балаларды ыстық тамақпен қамту үлесін 30% көтеру үшін жергілікті бюджеттен 141,0 млн.тг. қаржы қаралған.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.