ШЫМКЕНТ: ЖАЗҒЫ СУРДЛИМПИАДАЛЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІНЕН III СПАРТАКИАДАСЫ ӨТУДЕ

Шымкентте жазғы Сурдлимпиадалық спорт түрлері бойынша ҚР III Спартакиада ойындары басталды.

6-10 қыркүйек аралығында Шымкент қаласында есту қабілеті төмен спортшылар арасында  ІІІ Жазғы Сурдлимпиадалық спартакиадасы өтіп жатыр. Төрт жылда бір өтетін бәсекенің салтанатты ашылу рәсіміне Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Самат Ерғалиев қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі.

Есту қабілеті төмен спортшылар арасындағы Спартакиадаға еліміздің барлық өңірінен, спорттың 11 түрінен 1000-ға жуық спортшы қатысады. Олардың 100-ден астамы Шымкент қаласының спортшылары.

Олар  қол күресі, грек-рим және еркін күрес, дзюдо, таэквондо, бадминтон, жеңіл атлетика, жүзу, үстел теннисі, футзал және дойбыдан сайысқа түсуде.

Республикалық кешенді спорттық-бұқаралық іс-шараны өткізудегі мақсат – есту қабілеті төмен азаматтарды дене шынықтырумен тұрақты шұғылдануға тарту, аталған спорт түрлерін кеңінен насихаттау.

Мақсұт Пернебайұлы жарыстың жоғары деңгейде өтуіне қала әкімдігі тарапынан барлық жағдай жасалатынын атап өтті. С.Ерғалиев аталған спорт түрлеріне жеткілікті қолдау бар екенін айта келе, дене шынықтыру саласына үлес қосқан бірқатар азаматтарды арнайы төс белгімен марапаттады.

Сурлимпиада спортшыларымыз басқа спорт түрлерінен ешқандай шектеліп қалған жоқ. Мемлекет тарапынан барлық жағдайлар жасалған. Мемлекетіміз бойынша 10 мыңна астам спортшы осы спорт түрімен айналысады,-деді ҚР Мәдениет және спорт министрлігі комитетінің төрағасы Самат Ерғалиев.

Айта кетсек, Сурдлимпиадалық спорт түрлері Шымкент қаласында қарқынды дамып келеді. Биыл Бразилияның Кашиас-де-Сул қаласында өткен Сурдлимпиада ойындарында Қазақстан құрамасының спортшылары 28 медаль еншіледі. Оның үшеуі алтын, 7-еуі күміс. Осы әлемдік доданың жүлдегерлері қатарында шымкенттік спортшылар да бар. Еркін күрестен Рысалы Сабыржан күмістен алқа тақса, Пернеш Шадияр 5 орын алып, ел мерейін тасытты.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.