ШЫМКЕНТ: ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 1293 ОТБАСЫҒА ПӘТЕР ТАБЫСТАЛДЫ

Шымкентте мемлекеттік бағдарламалар аясында қала тұрғындарын баспанамен қамту жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. Жыл соңына дейін 324 арендалық пәтер түрлі санаттағы азаматтарға, 888 пәтер жұмыс істеп жүрген жастарға, 1919 пәтер несиелік негізде берілу жоспарлаған. Оның ішінде, жыл басынан бері тұрғын үй кезегінде тіркелген 1293 азамат ипотекалық негізде «Отбасы банк» арқылы баспаналы болды. Яғни, 1047 пәтер «5-20-25» бағдарламасымен, 246 пәтер «2-10-20 Бақытты отбасы» бағдарламасымен берілді.

Бұдан бөлек, биыл өңірлік Qamqo бағдарламасы алғаш рет іске асқалы отыр. Бұл бағдарлама ең алдымен тұрғын үй кезегі санаттарына енбейтін сала мамандарына арналған бағдарлама. Аталған бағдарлама шымкенттік мамандардың тұрғын үй мәселесін шешуге көмектеседі. Оған дәрігерлер, медбикелер, санитарлар, педагогтар, тәрбиешілер, ЖОО және колледж оқытушылары, ғылыми қызметкерлер, мәдениет және спорт саласының қызметкерлері, журналистер, энергетика саласының және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ филиалының қызметкерлері, мемлекеттік және бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері қатыса алады.

Айта кетейік, 2019 жылы 21 азаматқа 20,4 млн теңгенің сертификаттары берілсе, 2020 жылы 101 азаматқа жалпы құны 100 млн теңге болатын сертификат берілген. Ал 2021 бұл мақсатқа 300 млн теңге қарастырылған. 2022 жылы 48 азаматтың өтінімі мақұлданып, Ол үшін жергілікті бюджеттен 500 млн теңге қаржы қаралды. Биыл Шымкентте 145 отбасыға тұрғын үй сертификаты берілді.Қайтарымсыз негіздегі әлеуметтік көмекті алушылар қатарында 60 көпбалалы отбасы, 13 толық емес отбасы, 68 ерекше бала асыраушы отбасы бар. Қайтарымсыз 1 миллион теңге өтініш берушінің және отбасы мүшелерінде ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 көрсеткішінен соңғы жарты жылдағы орташа табысы 125 757 теңгеден аспаған жағдайда беріледі.

Зейнетақы аударымдары, жеке табыс салығы және өзге де міндетті аударымдар есептелмейді. Сертификатқа «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында несие негізінде «2-10-20», «5-10-20» бағыттары шеңберінде тұрғын үй алған азаматтар банктен мақұлдау алғаннан кейін ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу барысында өтінім жолдай алады.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.