ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА 2025 ЖЫЛҒА ДЕЙІН 28 000 ОРЫНДЫҚ 18 ЖАЙЛЫ МЕКТЕП САЛУ ЖОСПАРЛАНЫП ОТЫР

Шымкент қаласында 2023 жылы 23 мектеп пайдалануға беріліп, үш ауысымда оқытатын мектеп мәселесі толығымен шешімін тапқан. Сонымен қатар аладағы мектептерде сапалы білім алу үшін жағдай жасау мақсатында 5 жылға арналған кешенді жоспарға сәйкес 2028 жылға дейін қуаттылығы 50240 орынға арналған 57 мектеп құрылысын салу жоспарланды.
Оның ішінде, мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру мақсатында Шымкент қаласында 2025 жылға дейін 28 000 орындық 18 мектеп салу межеленген (2000 орындық-8 мектеп, 1500 орындық — 2 мектеп, 1200 орындық – 7 мектеп, 600 орындық — 1 мектеп).
Жоспарланған 18 мектеп құрылысы пайдалануға берілген жағдайда мектебі жоқ 8 шағын ауданның мектеп мәселесі және сынып толымдылығы жоғары 10 мектеп мәселесі толығымен шешілетін болады.
Сондай-ақ, 2023 жылы 9 білім беретін мекеменің ғимаратына күрделі жөндеу жүргізілген. 2025 жылға дейін білім беру ұйымының ғимаратына күрделі жөндеу қажеттілік 30 мекемені құрауда. 2023 жылы 4 мектепке спорт алаңша орнатылса, 2024 жылы 3 мекемеге спорт алаңша орнатуға қаржы қаралған. Нәтижесінде, мектептерде спорт алаңшамен қамту үлесі 100% жететін болады.
Жаңа модификацияланған кабинетпен қамту мақсатында 2023 жылы 105 кабинет орнатылған. Одан бөлек, 48 кабинет бірлік АӘД және логопед кабинетері жасақталып, 299 интерактивті панельдер орнатылды. Нәтижесінде, пән кабинеттер үлесі 72%-дан 85% артып отыр. Ал, 2024 жылы 214 кабинет және 831 интерактивті панельдер және 210 компьютерлік құрылғылар мен 513 принтер, 4 697 парта, 3 536 орындық, 7 кітапхана сөрелерін орнату көзделген.

 «ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin