Бүгінде Шымкент қаласы Абай ауданына қарасты «Қызылжар» тұрғын алабында инфрақұрылым мәселесі өз шешімін тауып келеді.
Алапта 684 отбасы қоныстанған. Халық саны 4419 адамды құрайды.
Бүгінде Қызылжар тұрғын алабы 2021 жылғы атқарылған жұмыстар нәтижесінде сапалы ауыз сумен толық қамтылған. Биылмен санағанда табиғи газбен қамтылу көрсеткіші 100 пайызды құрап отыр.
Жыл басында қала әкімі Мұрат Әйтенов тұрғын алап халқымен кездескен еді. Бірқатар қордаланған мәселелер көтерілген кездесуде қала басшысы биыл тозығы жеткен электр желілері мен бағаналар ауыстырылып, трнасформаторлар жаңартылатынын айтқан еді.
Ал күні кеше Абай аудан тұрғындарымен есепті кездесуде Қызылжар тұрғын алабын электр жарығымен қамтамасыз ету жұмыстары 2022 жылдың IV-тоқсанында толықтай аяқталынын айтылды. Аудан әкімінің айтуынша биыл пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.
Айта кетейік, тұрғын алапта жалпы саны 19 көше бар, оның 7-еуі асфальт, 12-сі тас жол. Соның ішінде, 8 көшеге 2021 жылғы жоспарға сәйкес шағал тас төселген. Олар Бақтияров, Көмекбай, Мыңтөбе, Дала қыраны, Гараж, Жаңақұрылыс-1, Жаңақұрылыс-2, Жаңақұрылыс-3 көшелері. Жалпы, қала басшысының айтуынша көшелерді асфальттау жұмыстары 2023-2024 жылы жоспарда тұр.
Жарықтанырылған көшелер саны — 3. Биыл тұрғын алапта, Ленин және Жастар көшелерінің құрылыс жұмыстары атқарылды.
Сапалы интернетпен қамту мақсатында базалық станцияның құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңына іске қосу жоспарланған.
Айта кетйік, атқарылып жатқан жұмыстар Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сай жүргізілуде. Яғни, жергілікті билік қарапайым жұрттың жанайқайын тыңдап, мәселенің көп ұзамай шешілуін назарда ұстап келеді.
«ANYQ.KZ»-ақпарат