ШЫМКЕНТ: 109 ОРТАЛЫҒЫ ТӘУЛІК БОЙЫ АРЫЗ-ШАҒЫМ ҚАБЫЛДАЙДЫ

Шымкент тұрғындары коммуналды саладан бастап қоғамдық көлік, инфрақұрылым және басқа да проблемалар бойынша хабарласатын ситуациялық орталық барына үйренген.
І-Shymkent 109 орталығы арыз-шағымдарды түрлі байланыс жолдарымен қабылдап, тиісті органдар мен жауапты мамандарға жеткізеді.

Шымкент қаласы әкімдігінің ситуациялық орталығы бірыңғай 109 нөмірі арқылы және арнайы әлеуметтік желілер көмегімен қала тұрғындарына 24/7 тәртібінде қызмет көрсететін жалғыз орталық болып табылады. Мемлекет басшысының ’’Халық үніне құлақ асатын мемлекет” тұжырымдамасына сәйкес жүзеге асқан бірден-бір жоба.

Тұрғындар психологиялық және заң көмегі, жалпы тәжірибелік дәрігерге (терапевт) жазылу, қоғамдық көліктер мен тұрғындар көп шоғырланған жерлерде жоғалған не тауып алған заттар, еңбек қатынастары мәселелері бойынша қоңырау шалып, мәслелерін шеше алады.

Қызмет түрлері:

Ауланы абаттандыру;

Ауланы жабдықтандыру;

Отынмен қамтамасыз ету мәселесі;

Қаланы сумен жабдықтау;

Өндірістік жұмыстардан кейінгі қалпына келтіру;

Газбен жабдықтау;

Лифт жұмысы;

Қалалық жол инфрақұрылымдары;

Денсаулық сақтау;

Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау;

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау;

Қоғамдық көлік;

ПИК жұмысы ;

Тұрмыстық қалдықтар;

Су басу ;

Ашық құдықтар;

ТШК (су ,жылу, электр-энергия);

БЖЗҚ бойынша;

Білім беру мәселелері ;

Заң, тәртіп және тағы басқа мәселелер бойынша.

Мекен жайы: Бәйдібек би даңғылы, 116 «Наурыз парк» ТК

Естеріңізге сала кетейік, қала әкімі Мұрат Әйтеновтің тапсырмасына сәйкес 2020 жылдың 26 маусымында ашылған Шымкент қаласының ситуациялық 109 орталығының 36 қызметкері 6 ауысым бойынша 24/7 режимінде қызмет етеді.
Алғашында мекеме қызметкерлері қала тұрғындарына 30 қызмет түрін көрсетіп, 2021 жылы қызмет түрлері 93-ке дейін артты. Ал қазіргі таңда орталық көрсететін қызмет түрлері 120-ға дейін жетіп отыр. Оның ішінде қала тұрғындары автобус паркіне жұмысқа орналасуға өтінім білдіру, еңбек қатынастары бойынша туындаған мәселелер, интернетке қосылуға өтінім беру қызметтері бойынша да хабарласа алады.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.