ШЫМКЕНТ: «TOLEM» ҚОЛДАНЫС АЯСЫН КЕҢЕЙТПЕК

Шымкентте төлем картасымен бірнеше бағыттарға төлем жасау функциясы енгізілмек. Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен баспасөз брифингінде Шымкент қаласы Цифрландыру басқармасының басшысы Сержан Зиябекұлы мәлімдеді.  — TOLEM компаниясы өзінің платформасындағы экожүйені және функционалдығын кеңейту, пайдаланушы базасын ұлғайту, клиенттер үшін сервистерді жақсарту, әртүрлі қызмет салаларында цифрландыруға және сервистерді оңтайландыруға жәрдемдесу мақсатында «Open API» озық технологиясын енгізуде. Компанияның серіктестері мен әзірлеушілері енді ашық API арқылы деректерге, компанияның мүмкіндіктеріне және қызметтеріне қол жеткізе алады. Бұл TOLEM платформасымен интеграцияны жеңілдетеді, инновациялық қосымшаларды жасауға және компания өнімдерінің мүмкіндіктерін кеңейтугежол ашады, – деді С.Зиябекұлы. Шаһарда IT саласын дамыту мақсатында алғашқы IT ассоциациясы «Digital road» құрылған болатын. Қазіргі таңда ассоциация құрамында 25 IT компаниясы бар. IT ассоциациясы өз қызметін 2020 жылдан бері атқарып келеді. Шымкент қаласында тұрғындардың 62 пайызы TOLEM жүйесін қолданады. Сондай -ақ 150 мектепте тегін тамақпен қамтылған оқушылар асханамен қоғамдық көлікте қолданатын TOLEM картасы немесе қосымшадағы динамикалық QR арқылы есеп айырысады. Айта кетейік енді картадағы QR-код арқылы «Қиял әлемі», «Кең баба» саябақтарындағы атракцион қызметі үшін, сондай -ақ Алматы, Астана қалаларында да автобустарда жолақы үшін төлем жасай алады. Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың шілде айынан бастап Шымкент қаласында автобустарда жолаушылар жолақысын ТӨЛЕМ картасы арқылы жүзеге асыра бастады. Жолкіре жүйесіндегі төлемнің бұл түріне қатысты бастапқы мәселелер өз шешімін тауып, саябырсыған. Жоба жеке инвестор «QazSmartTrans» ЖШС-і есебінен іске асырылды. Инвестицияның көлемі 1,2 млрд. теңгені құрады. Қоғамдық көлікте жол жүру ақысын төлеу үшін төлем карталарының 4 түрі қарастырылған – стандарттық (жалпы пайдалануға), мектеп оқушыларының, студенттік және жеңілдетілген карталар. Жолаушылар көлік картасымен, SMS, QR-код, смартфонды (NFC) қолдана отырып жол жүру ақысын төлейді. «QazSmartTrans» ЖШС-гі тарапынан 14 мың көлік картасы Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен мүгедектеріне, тыл еңбеккерлеріне (Ерен еңбегі үшін медалімен марапатталғандар), Батыр ана, Алтын алқа, Күміс алқа төс белгі иелеріне және І — топтағы көру қабілеті нашар жандарға тегін таратылды. Жеңілдікпен жүретін азаматтарға карталарды тегін тарату мақсатында Шымкент қаласының әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту басқармасы мен қаладағы барлық халыққа қызмет көрсету орталықтарынан арнайы орындар ұйымдастырылған. Аталған орындарда жеңілдік картаны алу үшін азаматтардан қажетті мәліметтер қабылданып, базаға енгізіледі. Жалпы қалада 220 мың мектеп оқушысы, 80 мың студент, 14 мың жеңілдік берілген тұрғын бар.

 

 

 

 

 

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.