Шымкентте «Найза-антитеррор-2023» жедел-тактикалық оқу-жаттығуы өтті

Шымкент қаласындағы «Ақтас» далалық оқу орталығында түрлі террористік көріністерге ден қоюға күш құрылымдарының жауынгерлік дайындығын арттыруға бағытталған «Найза-антитеррор-2023» Республикалық жедел-тактикалық оқу-жаттығуы өткізілді.
Оқу-жаттығуға Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Қорғаныс министрлігінің, Ішкі істер министрлігінің, Төтенше жағдайлар министрлігінің, Мемлекеттік күзет қызметінің, Ұлттық ұланның және ҰҚК Шекара қызметінің арнайы бөлімшелері қатысты.
Оқу-жаттығудың мақсаты бойынша терроризмге қарсы операцияларды жүргізу бойынша күш құрылымдарының арнайы бөлімшелері қызметінің күштері мен дағдылары кезең-кезеңімен көрсетілді. Арнайы операциялар мен Шекара қызметі күштерінің терроризм актілеріне ден қою жүйесіне ықпалдасуы қамтамасыз етілді.
Ұлттық ұланның «Бүркіт» арнайы бөлімшесі жауынгерлерге жақын жағдайларда елді мекенде террористік топты залалсыздандырудың күштік әдістерін пысықтады.
Өз кезегінде, Қорғаныс министрлігінің арнайы операциялар күштері мен ҰҚК ШҚ арнайы мақсаттағы басқармасы шекара маңындағы террористерді бейтараптандыру, сондай-ақ мемлекеттік шекараны бұзуға жол бермеу жөніндегі іс-шараларды көрсетті.
ҰҚК «А» арнайы мақсаттағы қызметі және ІІМ «Сұңқар» арнайы мақсаттағы жасағы әкімшілік ғимаратта кепілге алынғандарды босату бойынша оқу арнайы операциясын өткізді.
Республикалық және жергілікті арнайы мақсаттағы бөлімшелердің іс-қимылдарының жауынгерлік үйлесімділігі арттырылды. Шымкент қалалық терроризмге қарсы жедел штабы мүшелерінің Террористік көріністерге ден қою бойынша практикалық дағдылары бекітілді.
Оқу-жаттығу соңында күш ведомстволарының қару-жарақ пен техника көрмесі көрсетілді.
Сонымен қатар, ҚР Терроризмге қарсы орталығының қолдауымен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін алғаш рет «ыстық» нүктелердегі оқиғаларды БАҚ-та жариялау дағдыларын пысықтаумен, сондай-ақ терроризмге қарсы операция аймағында қауіпсіздік шараларын сақтаумен семинар-тренинг өткізілді.
Оқу-жаттығу соңында терроризмге қарсы күрес жөніндегі республикалық жедел штабтың отырысы өткізілді, онда өткізілген іс-шараларға баға берілді. Күш құрылымдарының арнайы бөлімшелерінің іс-қимылдарының үйлесімділігін, сондай-ақ олардың террористік қатерлерді уақтылы тойтаруға дайын болу дәрежесін арттыру жөнінде қосымша шаралар әзірленді.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.