Шымкентте «Уылдырық» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды

Шымкент қаласының аумағында балық уылдырық шашатын кезеңде браконьерліктің жолын кесу мақсатында 15 сәуір – 30 мамыр аралығында “Уылдырық” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шараның мақсаты – табиғатты қорғау заңнамасының құқық бұзушылық, биологиялық ресурстар объектiлерi мен өнiмдерiнiң заңсыз айналымын анықтауға және жолын кесуге, экологиялык кылмыстарды ашуға бағытталған. Сондай-ақ, заңсыз балық аулау жəне оның айналымын, өнімдерін анықтау жəне жолын кесу бойынша жұмыстар атқарылады.

Шымкент қаласы полиция департаменті уылдырық шашу кезінде балық аулауға тыйым салынатынын ескертеді. Заңсыз балық аулау жайты бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 383-бабымен әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

Аталған бапқа сәйкес балық аулау және балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзу, оның ішінде балық аулау қағидаларын, сондай-ақ балық ресурстары мен басқа да су жануарларын пайдаланудың басқа да түрлерiн жүзеге асыру қағидалары қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi жоқ бұзушылық — жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеліп соғады.

«Мұндай іс-шаралар заңсыз балық аулауға тосқауыл қою мақсатында тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Бұл табиғатты қорғап, заңсыз жайттарға жол бермеуге септігін тигізеді. Ата Заңымызда браконьерлік әрекеттерге қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік көзделген»,-дейді сала мамандары.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.