Шымкентте үш ауысымды мектеп мәселесі шешімін таппақ

Қазір Шымкентте 7 білім нысанында қосымша ғимарат құрылысы жүргізілуде. Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов аумағы кеңейтіліп жатқан бірқатар білім ошақтарының құрылыс жұмыстарымен танысты.

Сайрам шағынауданындағы №65 мектеп-гимназиясының қосымша 600 орындық оқу корпусы бой көтеруде. Соңғы үлгіде салынған ғимаратта сынып бөлмелері, кітапхана, логопед кабинеті, спортзал, 220 орынға арналған асхана қарастырылған.

Мұрат Дүйсенбекұлы Ш.Қалдаяқов көшесіндегі №45 мектеп-гимназиясында да болып, 300 орынға арналған 3 қабатты қосымша ғимараттың құрылыс-монтаж жұмыстарын қадағалады. Заманауи талапқа сай салынған оқу корпусында сынып бөлмелерінен бөлек, спортзал, зертхана бөлмелері, 78 орынға арналған асхана қарастырылған.

Ғимараттардың интерері классикалық үлгіде болуы керек. Бұл ретте дизайнерлермен тиісті жұмыстарды жүргізіңіздер. Құрылысқа қатысты өзекті мәселелер дер кезінде шешілуі тиіс” — деді қала әкімі.

Мұрат Дүйсенбекұлы М.Х.Дулати атындағы №8 мамандандырылған гимназиясының да қосымша корпустарының құрылысын тексерді. 1 100 орынға арналған ғимаратта сынып бөлмелері, 250 орындық акты залы, спортзал, 320–орындық асхана құрылысы жобаланған.

Қала әкімі жауаптыларға сапасыздыққа жол бермей, нысандарды өндірістік кестеге сай саяқтап, үш ауысым мәселесін түбегейлі шешуді тапсырды.

Айта кетейік, қазіргі кезде қаладағы 186 мектепте 226 мыңнан астам оқушы бар. Оның ішінде 14 мектеп үш ауысымды болса, 5 мектеп – ыңғайластырылған ғимараттарда орналасқан, тағы бір мектеп – апатты деп танылған. Алдағы бес жылда қаладағы шағын аудан мен тұрғын алаптарда 72 мектеп салынады. Осы бағытта биылдың өзінде 13 мектептің құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі. Салалық жоспар аясында жоғары және бірінші санатты мұғалімдер үлесін алдағы бес жылда бүгінгі 55 пайыздық көрсеткіштен 85 пайызға дейінгі межеге, яғни 30 пайызға арттыру жоспарланған.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.