Шымкентте 4 айда 3 мыңнан астам туу туралы куәлік берілген

«Азаматтарға арналған үкімет» Шымкент қалалық филиалының өкілдері «отбасылық» ең танымал ТОП-3 қызмет бойынша ақпаратты ұсынды. Олар – баланың туылуын тіркеу, жүктілік пен босануға байланысты табысынан айырылғаны үшін әлеуметтік төлем тағайындау, баланың туылуына және оның бір жасқа дейінгі күтіміне жәрдемақы тағайындау қызметтері.

Биылғы жылдың 4 айында Шымкенттегі халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы сәбидің 3 мыңнан астам туу туралы куәлігі берілсе, 18 мыңнан астам жас ана бала туғаны үшін бір ретік және оның бір жасқа толғанға дейінгі күтіміне тиісті жәрдемақыларды алған, ал 7 мыңнан астам әйелге жүктілігі мен босануына байланысты табысынан айырылғаны үшін әлеуметтік төлем тағайындалыпты.

Аталған қызметтерді халыққа қызмет көрсету орталықтарында ғана емес, сонымен қатар SMS көмегімен де ресімдеуге болады, ол үшін мобильді азаматтар базасында тіркелуі қажет.

Баланың туылуына байланысты проактивті қызмет түрі – жас аналар үшін жақсы мүмкіндік. Бала дүниеге келгеннен кейін ата-анаға бірден құттықтау SMS-хабарламасы, сондай-ақ сәбидің тууын тіркеу бойынша мемлекеттік қызметті алу туралы ұсыныс келеді. Электрондық үкіметтің порталы барлық ақпаратты мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алады, ал жетіспейтін ақпарат қызмет алушыдан SMS хабарлама арқылы сұратылады. Осылайша, жыл басынан бері 9 мыңнан астам шымкенттік отбасы баланың туылуына қатысты қызметтерді проактивті түрде алған.

Айта кетейік, жас аналар баланың тууы және оның күтімі бойынша жәрдемақысын тұрғылықты жеріне қарамастан, елдің кез келген ХҚКО-сында рәсімдей алады. Сонымен қатар, қызметі тегін банк қосымшалары арқылы тапсыруға болады. Бұл қызметті кез келген уақытта рәсімдеуге болады, бірақ бала туғаннан кейін бір жыл ішінде өтініш білдіру қажет.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.