Шымкентте 432 отбасы баспанаға қол жеткізеді

Бүгінде Шымкентте мемлекет бюджеті есебінен 67 көпқабатты тұрғын үй салынып, 17 үйдің абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов Әкімшілік іскерлік орталығы аумағынан бой көтерген 9 қабатты сегіз тұрғын үйдің абаттандыру құрылысын тексерді.
Тұрғын үйлердің ирригациялық жүйелері тартылып, ішкі жолдары асфальттелген. Қазір аулада көгал төселуде, бригада ауланы абаттандыру жұмыстарын аяқтап жатыр.
Мұрат Дүйсенбекұлы жауаптыларға қолданысқа дайын 432 пәтерді мемлекеттік бағдарлама арқылы баспана кезегіндегі тұрғындарға үлестіруді ұйымдастыруды тапсырды.
Айта кетейік,2023 жылдың басында 976 отбасыны арендалық пәтермен қамту жоспарланған болатын. Бүгінгі таңда жұмыс істейтін жастарға 300 пәтер бойынша тұрғын үй комиссияның шешімі қабылданып, пәтерлердің кілттері беріліп жатыр. 1 сәуірде 161 пәтер бойынша тұрғын үй комиссиясының шешімі шықты. Бұл ретте жетім балаларға 10 пәтер, көпбалалы отбасыларға 106 пәтер, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобына 45 пәтер беріледі. Комиссияның келесі отырысы мамыр айында өтеді деп күтілуде. 2023 жылдың соңына дейін кезекте тұрған азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету үшін 1 580 пәтер сатып алу жоспарланған. Пәтер сатып алуға 22,5 млрд теңге қаржы бөлінді. Нарықтағы жеке құрылыс салушылардың тізімі анықталып, талдау жұмыстары жүргізілуде.
Естеріңізге сала кетейік,Шымкентте мұғалімдер, журналистер, тәрбиешілер мен ғалымдар, медицина, мәдениет пен спорт қызметкерлері, халыққа қызмет көрсету орталығы мамандары жеңілдікпен тұрғын үй алу мүмкіндігіне ие болады. Мегаполисте енді «Qamgor» бағдарламасы жүзеге асады. Бағдарлама сондай-ақ барлық санаттағы азаматтар үшін де қолжетімді. Оның аясында қала тұрғындары бағасы 20 миллион теңгеге дейінгі баспананы несиеге ала алады. Несиенің пайыздық мөлшерлемесі 5 пайыз. Құрылыс жинақ жүйесінің арқасында ипотека қаржысының қайтарымы әрі қарай 3,8 пайызға дейін төмендейді. Бағдарлама шарты бойынша баспана алуға ниетті талапкердің жасы 63-тен аспауы керек. Үш жыл Шымкентте тұрақты тіркеуде болуы шарт. Және бір жылдан кем емес жұмыс өтілі барлар қатыса алады. Бағдарламаға ерлі-зайыптылардың тек біреуі қатысып, үй алуына мүмкіндік беріледі.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.