Шымкент: «Бастау бизнес» оқу курсына қатысу шарттары түсіндірілді

Шымкентте  «Бастау бизнес» оқу курсына қатысу шарттары түсіндірілді. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.


Шымкент қаласының «SHANYRAQ» Отбасы институтын қолдау орталығында «Бастау бизнес» оқу курсына қатысу шарттары түсіндірілді. Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасының өкілі Нұржігіт Муталов тікелей эфирде кәсіпкерлік курсына жолдама алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Бүгін таңғы сағат 9:00-ден бастап қала тұрғындарынан аталған оқу курсына өтінім қабылдау басталды. Өтінімдер тек «Телеграм» желісіндегі арнайы бот арқылы қабылданды.

«Бастау бизнес» оқу курсы жалпы 21 күн онлайн түрде жүргізіледі. Онда кәсіпкерлік негіздері, теориялық сабақтар оқытылып, қатысушылар бизнес-жоспар әзірлейді.

Курсқа қатысып, тиісті 17 балдан жоғары жинап, сертификат алған азаматтар 200 АЕК (583 мың тг), 5 млн теңге грантқа және 6 пайызбен берілетін несиеге құжат тапсыруға мүмкіндік алады.

Айта кетейік, Халықты жұмыспен қамту орталығы «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының ІІ-бағыты шеңберінде «Бастау бизнес» оқу курстарына жолдама береді.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.