Шымкент: Еңбекші ауданыда атаулы әлеуметтік көмек көрсету бойынша 578 заңсыз әрекет тіркелген

Еңбекші ауданы аумағында 2022 жылы 1026 алаяқтық қылмысы тіркелген. Оның ішінде 578 қылмысы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету бойынша орын алған.

Сондықтан, аудан прокуратурасы АӘК тағайындалуының, төленуінің және кепілдік берілген әлеуметтік топтаманың ұсынылуының, қайтарымсыз гранттарды табыстау заңдылығына талдау жүргізді.

Талдау нәтижесінде Шымкент қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасымен  және Халықты жұмыспен қамту орталығымен халық арасында мемлекеттік органдардың қызметіне жағымсыз пікір туғызатын жүйелі бұзушылықтар жол берілетіні анықталды.

Атап айтқанда, Орталық 2022 жылы «Бастау Бизнес» жобасы аясында қаражатты заңсыз бөлу, үміткерлерді конкурстан негізсіз шеттету, гранттардың қаражатын уақытылы аудармау, конкурстық комиссиясымен бизнес жоспарларды формальды бағалау, гранттарды мақсатты жұмсалғаны туралы есептерді тапсырмау және т.б. бұзушылықтар анықталды.

Өз кезегінде қалыптасқан жағдай осы саладағы уәкілетті органдардың қызметкерлері арасында заңсыз әрекеттер жасауға тәуекелі жоғары екенін көрсетті.

Мысалы, Еңбекші аудандық полиция басқармасымен Орталықтың «С.Ә.» есімді қызметкері 50-ге жуық азаматтардан АӘК пен қайтарымсыз гранттарды алуға жәрдем беремін деп 150 мың мен 3 млн. теңге көлемінде ақшаларын алаяқтықпен иемденген.

Аудан прокуратурасымен аталған заң бұзушылықтар бойынша прокурорлық қадағалау актісі енгізіліп, нәтижесінде Орталықтың 11 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылып, кемшіліктерді жоюға іс-шаралар жүргізілді және халық арасында мемлекеттік бағдарламаларға қатысты түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Нәтижесінде ағымдағы жылы аудан аумағында аталған санаттағы қылмыс оқиғалары орын алмаған.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.