Шымкент: Жас каратэшілер сынға түсті

Шымкент қаласында 9 мамыр — Жеңіс күніне орай шинкиокушинкай каратэден жасөспірімдер, жастар арасындағы қалалық ашық турнир өтіп жатыр. Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы және Шымкент қаласының кекушинкай каратэ федерациясы бірлесе ұйымдастырған сайысқа еліміздің барлық өңірінен, жалпы 500-ге жуық спортшы бақ сынауға келген.
Жарыстың ашылу рәсімінде ҚР каратэ федерациясының вице-президенті Талғар Ахмадиев, Шымкент қаласы жастар ресурстық орталығының басшысы Мағжан Исахов, ауған соғысы ардагерлері кеңесінің төраға орынбасары Есебалы Алиев көпшілікті бүгінгі мерекемен құттықтап, аталған спорт түрлері елімізде қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Бүгінде Шымкент қаласының өзінде 600-ден астам жасөспірім осы спорт түрімен шұғылданады.
Жарыс бұқаралық спортты дамыту, жастарды патриоттыққа тәрбиелеу және спортшыларды алдағы додаларға іріктеуді мақсат еткен. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері бүгін анықталады.
Айта кетейік, бұдан бөлек Шымкентте аударыспақтан 2000-2005 жылы туған жастар арасындағы XVII ҚР чемпионаты өтті. Жарысқа еліміздің барлық аймағынан, жалпы 202 спортшы келген болатын. Одан бөлек, жастар арасында теннистен әлем чемпионатына іріктеу бойынша Дэвис кубогы кезеңі өтті. Жасөспірім қыздар және ұлдар арасындағы іріктеу сайысына Қазақстан, Аустралия, Қытай Тайбэй, Гонконг, Үндістан, Индонезия, Малайзия, Иран, Жапония, Оңтүстік Корея, Қырғызстан, Моңғолия, Жаңа Зеландия, Таиланд, Өзбекстан, Вьетнам командалары қатысқан.
Айтулы додада ел намысын Қарағанды, Түркістан, Жамбыл облысы және Астана, Алматы қалаларының жасөспірімдері қорғады. Сондай-ақ, қалада «Шымкент конькиі-2023» респубикалық турнирі де өтті. Оған еліміздің Астана, Алматы қалалары, Атырау, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау өңірлерінен және көрші Қырғызстан мен Өзбекстан елдерінен 270 спортшы қатысты. Турнирде Шымкент қаласынан 60 мәнерлеп сырғанаушы шеберлігін шыңдады.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.