Шымкент: Коммуналдық шаруашылық секторын дамыту бағытында «I QALA» жобасы енгізілуде

Шымкент қаласында қалалық қызметтер мен сервистердің орталықтандырылған қызметтер орталығында «Iqala» жобасы енгізілуде.


Бұл жоба Нұр-Сұлтан қаласының тәжірибесі негізінде қолға алынды.

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Қалалық цифрландыру басқармасы басшысының айтуынша, қазіргі таңда бұл бағытта өнім беруші компания анықталып, қолданыстағы ақпараттық жүйелермен интеграциялау жұмыстары басталды. Мекемелермен («Спецавтотранспорт», «Энергепоток», «Оңтустік Жарық», «Су ресурстар Маркетинг» ЖШС, АО «СПК-Шымкент») келіссөздер жүргізілуде.

Аталған жоба «бір терезе» қағидаты бойынша коммуналдық шаруашылық секторының және мемлекеттік қызметтерін біріктіреді. Жоба аясында коммуналдық қызметтерді алу рәсімдерін жеңілдету, барлық қызметтерді онлайн цифрлық түрде көрсету, құжаттарды қысқа мерзімде ұсыну, өтініш күйін бақылау және құжаттардың сақталуы бойынша оң нәтижелер күтілуде.

Айта кетейік, Елбасы тапсырмасымен республикамызда «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы сәтті жүзеге асып келе жатқаны белгілі. Бүгінде еліміздің барлық өңірлерінде аталмыш бағдарлама бойынша табысты жұмыс жүргізіліп келеді.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.