Шымкент: Мектеп парламенттерінің арасында жайдарман ойындарының финалы өтті

2023 жылы 24 сәуір күні Шымкент қаласы білім басқармасы қосымша білім беру оқу салалық орталығының ұйымдастыруымен Жастар ресурстық орталығының базасында «Мектеп парламенті» өзін-өзі басқару ұйымдарының арасында «Бірлігіміз жарасқан!» атты Жайдарман финал ойыны өтті. Іс-шараның мақсаты: Талантты оқушыларды қолдау, шығармашылық қабілеттерін дамыту, өзара достық қарым-қатынастарын нығайту.

Финалға ақпан айынан бастап, Жайдарман ойындарының аудандық, жартылай финал кезеңдерінен өткен 8 команда қатысты. Көрермен ретінде білім беру ұйымдарының «Мектеп парламенті», «Адал ұрпақ», «Жас Ұлан» ұйымдарының көшбасшылары шақырылды.

Сайыс өте қызықты, жоғары деңгейде өтті. Топтан оза шығып, ерекше ойын көрсете білген №136 ЖОББМ «No comment» командасы І орынды, №24 ІТ мектеп-лицейінің «24-Аймақ» командасы ІІ орынды, Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназиясының «Ыбырай балалары» командасы ІІІ орынды иеленді. №24 ІТ мектеп-лицейінің парламент президенті Байданов Батырханға «Үздік ойыншы» номинациясы бұйырды. Жүлделі ІІ,ІІІ орын иеленген №24 ІТ мектеп-лицейінің «24-Аймақ» командасына және Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназиясының «Ыбырай балалары» командасына «Jaidarman Junior» республикалық жасөспірімдер ойынына жолдама берілді. №59 жалпы орта білім беретін мектептің «Шәй ішейік» командасына және №136 ЖОББМ «No comment» командасына «Jake Tau» туристік агенттігі тегін саяхатқа сертификат сыйлады. Жеңімпаз командалар арнайы кубоктармен дипломдармен, жетекшілері алғыс хаттармен марапатталды.

Ad Widget

Recommended For You