Шымкент: «Металлург» стадионы балалар күніне пайдалануға беріледі

Шымкентте жартығасырлық тарихы бар «Металлургтер» стадионы қолданысқа беріледі. Қирандыға айналудың алдында тұрған алаң қайта түледі.

Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов заманауи талапқа сай бой көтерген “Металлург” стадионының аяқталу сатысындағы реконструкциялық жұмыстарын тексерді.

«Бұл стадион біраз жыл қиын жағдайда тұрды. Өзіміз де осы жерде жаттықтық. Бұл жастар үшін өте маңызды спорт алаңы. Жастар спортпен айналысуы керек. Сондықтан 2 жылдың ішінде қайта құрылыс жүргізіп шықтық. Құрылыс жоспары бұрын дұрыс жасалмаған. Қайта өзгерттік»,-дейді шаһар басшысы Мұрат Әйтенов.

Шаһар басшысы бала кезінде дәл осы алаңда жаттыққанын тәлге тиек етті. Қазір мұндағы жұмыс барысы қызу жүріп жатыр. Себебі жаздың бірінші күні тарихи нысан қайта қолданысқа беріледі.

Құрылысшылар спорт залдарының ішкі әрлеу, сыртқы абаттандыру жұмыстарын жүргізуде. Жоспарға сәйкес мұнда 1504 орындық трибуна, командалық ойындарға арналған 480 орындық спорт зал, 62 орындық спортшылар үйі, әкімшілік корпус қарастырылған.

Нысан қаламызда бұқаралық және кәсіби спортты дамытуға мүмкіндік береді. Стадион жанында 60 адамға арналған қонақүй қарастырылған. Мұнда республикалық маңызы бар жарыстар, түрлі спорттық шаралар ұйымдастыруға барлық жағдай жасалады” – деді қала әкімі.

М.Дүйсенбекұлы стадионды Халықаралық балалар күнінде қолданысқа беріп, үш жыл қатарынан өтіп жатқан Жастар Лигасының финалдық кезеңдерін өткізуді ұйымдастыруды тапсырды.

«Әрістестермен кеңесіп жатырмыз. Бұған дейін тек футбол ойнайтын еді. Енді баскетбол да, волейбол да, шахмат та ойнай алады. Бұл біздің қаланың кәсіпқой спорт түрлерін дамытатын болады» ,-деді қала әкімі.

Айта кетейік, мұнда спорттың 10 түрі бойынша жаттығуға мүмкіндік қарастырылған. Ал құрылыс нысаны келесі айда ел игілігіне берілмек.

Мұнда жастар тек футболмен ғана емес, спорттың 10 түрімен айналыса алады. Стадион 1500 адамға шақталған. Онда спорт залдары, әкімшілік ғимарат пен спортшылар үйі қарастырылған. Қала әкімі енді мектеп лигасы тек осы «Металлургтер» стадионында өтетінін жеткізді.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.