Шымкент: Пробация есебінде тұрғандарға бос жұмыс орындары ұсынылды

Бүгін Шымкент қаласы әкімдігі халықты жұмыспен қамту орталығының Абай ауданы бойынша жұмыспен қамту бөлімшесінде пробация қызметі есебінде тұрған жұмыссыздарға және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандар үшін бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті.

Іс-шараға «Qut-Bereke» ЖШС, «VIBE RECORDS» ЖШС, «Фронт лайн» ЖШС, «AZALA COTTON» ЖШС, «BALANS Outsourcing KZ» ЖШС, «Karlskrona LC AB» ЖШС және тағы сол сияқты 15 жұмыс беруші мекеме қатысты. Жәрмеңкеге келушілерге Шымкент қаласы бойынша 200-ге тарта жұмыс орындары ұсынылды.

Мамандар келушілерге жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалар, тегін қысқа мерзімді оқыту, өз кәсібін ашу мақсатында қайтарымсыз грант алу бағыттары бойынша кеңес берді. Жәрмеңкеге қатысқан 35 азаматтың 12-сі тұрақты жұмыс орнынына жолдама алды. Ал 6 азамат кәсіптік оқыту бағдарламалары бойынша оқуға ниет білдіріп, құжаттарын тапсырды.

Айта кетейік, үшінші мегаполисте жұмыссыздықпен белсенді күрес жүргізілуде.Шымкент қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының деректері бойынша 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде 2022 жылдың соңына дейін 33 500 азамат жұмыспен қамту шараларына тартылды.

Айта кетейік, үшінші мегаполисте мамандық бойынша жұмысқа орналаса алмайтын қала тұрғындары үшін қайта даярлау курстары қарастырылған. Сондай-ақ, бизнес негіздерін үйренуге және мемлекеттік грант алуға өтініш беруге болатын шағын және орта бизнесті дамыту бағдарламалары бар.

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы 1 қыркүйектегі жолдауында Адами капиталды дамытудың ерекше маңыздылығын атап өтті.
Бұған дейін президент халықтың табысын арттыру бағдарламасын әзірлеуді тапсырған болатын.

Шымкентте бағдарламаларды халықтың әртүрлі топтарына қалай бейімдеу керектігі ойластырылды. Статистика көрсетіп отырғандай, зейнеткерлік жасқа дейінгі адамдарда жұмысқа орналасу жағдайы нашар. Үшінші мегаполисте олар үшін арнайы “күміс жас”жобасы әзірленді. Ол 50 жастан асқан адамдарға тұрақты жұмыс орнын табуға көмектесуге бағытталған.

 

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.