Шымкент қаласында құрылыс қарқыны артуда

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков қаланы аралау барысында «Нұршуақ» және «Жұлдыз» шағынаудандарында салынып жатқан заманауи мектептердің құрылысында болып, жұмысын тексерді. Бұл оқу орындары пайдалануға беруге дайын. Ал үздіксіз білім беру процесін қамтамасыз ету мақсатында сабақ оқу жылының екінші тоқсанынан басталады. Жұмыс барысымен танысқан әкім мердігерлерге бірқатар ескертулер жасады және оны қысқа мерзім ішінде жою бойынша тапсырма берілді.

Бұдан бөлек әкім, «Жаңаталап» тұрғын алабында салынып жатқан жаңа көпірдің құрылысымен танысты. Қазіргі таңда құрылыс-монтаж жұмыстарының 80%-ы аяқталған. Жақын арада көлік қозғалысын ашу жоспарланған.

Қоса кететін, Тұран ауданына қарасты елді мекендердің 95,5% сапалы ауыз сумен қамтылған. 2026 жылы 100% сапалы ауыз сумен қамтылатын болады. Ал, 85,7% табиғи газбен қамтылса, 95,2% электр қуатымен қамтылған. 2026 жылы табиғи газбен – 100%, 2025 жылы – 100% сапалы электр қуатымен қамту жоспарланған. Сондай-ақ, кәріз жүйесімен қамту көрсеткіші бүгінде 57,1% құрайды. 2025 жылы бұл көрсеткішті 60,2%-ға жеткізу жоспарға қойылған. 2024 жылы Тұран ауданындағы 42 көшеге, 34,8 шақырым жол салу жоспарланған. Атап айтқанда:
— Жаңаталап шағын ауданы – 5 көше;
— Арғымақ шағын ауданы – 4 көше;
— Ақжар шағын ауданы – 4 көше;
— Агро фирма қарасу – 11 көше;
— Құрсай шағын ауданы – 12 көше;
— Наурыз шағын ауданы – 4 көше;
— Қазығұрт шағын ауданы – 1 көше;
— Орталық аумақ Кремл көшесі – 1 көше.
Нәтижесінде асфальттанған көшелердің үлесі 80,2% -дан 87,4 % жететін болады. Бүгінгі күнге 16 көшеге асфальт төселген.

Шаһар басшысы Тұран ауданындағы Қ.Қасымұлы атындағы №33 жалпы орта білім беретін мектебіне барып, жөндеу жұмыстарының барысымен де танысты.

Айта кету керек, қала әкімі өткен аптада бірінші қабатта ағымдағы жөндеу жүргізуді және кәріз жүйесін жаңартуды тапсырған болатын. Сол кезде ғимараттың техникалық жағдайы туралы қате қорытынды берген «STROYCORP» ЖШС-не қатысты заң аясында тиісті шаралар қабылданады.

Сондай-ақ, Абай саябағындағы скейт-паркте болды.Бұл жерде де Аудан әкімі мен энергетика басқармасына қосымша жарықтандыру бойынша нақты тапсырма берді.

Шымкент үшінші мегаполис дәрежесін иеленгелі қалада құрылыс қарқыны артты. Көлік кептелісін азайту бағытында үш жолайрық пайдалануға берілді. “Бекжан базары”  маңы, Қонаев-Рысқұлов және Бәйдібек-Арғынбеков көшелері қиылысындағы жолайрықтың шарапатын көрген шымкенттіктер разы. Жолайрық расында жолдағы бөгелісті азайтты. Қала әкімі тапсырмасына сай соңғы жылдары көше қиылыстарында оң жаққа өткел жолдар көптеп ашылуда. Бұл да кептелісті кемітуге мүмкіндік берді. Жол азабын азайтуға жасалған амалдар көптеп қарастырылуда.  Бәйтереков көшесінің жалғасы ретінде Алтынсарин көшесін кеңейту ісі қолға алында. Бұл жаңа жол құрылысы пайдалануға берілсе, Тұран мөлтек ауданына қарай жүретін көлік нөпірін азайтары анық. Тағы, Өтегенов көшесі созылып, Асар шағын ауданына жол пайдалануға беріледі. Жаңа жол салу үшін жеке меншік тұрғын үйлерді бұзып, оны мемлекет мұқтаждығына алу оңай болған жоқ. Біреу келісті, біреу келіспеді. Соттасқан сәттер де болды. Әйтеуір, түбі нәтиже беріп, Өтегенов көшесі  “Қайтпас-1”  арасын қиып өтіп, “Асар” мен “Шымкент Ситиге” баратын жол қазан айының соңында пайдалануға берілетін болады”- дейді Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Өмір Қалыбаев.

«ANYQ.KZ-ақпарат»

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin