Шымкент қаласы: «Жастар – ізгі қоғам айнасы» атты тақырыбында рухани-танымдық форум өтті

Бүгін Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы мен дін істері басқармасының ұйытқы болуымен «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ғимаратында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбектің қатысуымен «Жастар – ізгі қоғам айнасы» тақырыбында рухани – танымдық форумы өтті.

Форумың мақсаты — азаматтардың, әсіресе, жастардың әлеуметтік-қоғамдық өмірге белсенді араласуын, олардың ортақ мақсатқа жету жолында күш біріктіруін қамтамасыз ету. Дәстүрлі құндылықтарды сіңдіре отырып, рухани-танымын өсіруге бағытталған.

Форумда Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Абайұлы, ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша өкілдігі бас имамының орынбасары Ақтамберді Мұсабек жастарға арнап сөз сөйледі. Сондай-ақ, форум барысында дін мен дәстүрге, бала тәрбиесіне, деструктивті діни ағымдардан сақтануға қатысты тақырыптарда баяндамалар жасалды.

Іс-шара соңында форумда ұсынылған бастамаларды қолдай отырып, мемлекеттің жарқын болашағы мен кемелденуі үшін, жастарды заманға сай білім алуға, дәстүрлі құндылықтарды сақтай отырып, жат діни ағымдардан сақтануға, рухани-танымды дамытуға шақырып, үндеу жарияланды.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin