Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты «Ащыбұлақ» жалпы орта мектебінде 3-сынып оқушыларымен өткізілген «Қарты бар үйдің- қазынасы бар» тақырыбында ашық тәрбие сағаты болып өтті. Іс шара оқушылар бойына халқымыздың қадір-қасиетін сіңіру, үлкенді сыйлауға, өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтауға және аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылды.
Тәрбие сағатына қарт әжелер де қонаққа келіп, өз ақ баталарын беріп, қорытындылады.