ҚАЗЫҒҰРТ: Білім саласы қызметкерлерін төл мерекелерімен құттықтаймыз! Мұғалім — мамандық, ұстаздық — қасиет.

Мұғалім — мамандық, ұстаздық — қасиет.

Яғни, ұстаз болу — адам бойындағы ұлы қасиеттердің бірі.

Түркістан облысы, Қазығұрт аудандық адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты Б.Момышұлы атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде ұстаздар күніне орай, ардагер ұстаздарымызды шақырып «Ұстаз ұлы есім» атты тақырыбында мектептің «Өзін өзі басқару ұйымының» ұйымдастыруымен концерттік бағдарлама өткізді және мұғалімдердің сабақтарын жүргізді. Таңертең бастауыш сыныптар ұстаздарымызды гүл шоқтарымен қарсы алды.

Құрметті ұстаздар! Шәкірттеріңіздің құрметі мен махаббатына бөленіңіздер. Шығармашылық ізденістер, ғылыми жаңалықтарыңыз арта берсін. Мерейлеріңіз үстем болсын!

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.