ҚАЗЫҒҰРТ: Жамбыл атындағы жалпы орта білім беретін мектеп кітапханасында Мұхтар Шахановтың 80 жасқа толуына орай «Қаламгер шығармалары-өшпес мұра «атты тақырыпта әдеби вернисаж өткізілді.

Түркістан облысы Қазығұрт ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты Жамбыл атындағы жалпы орта білім беретін мектеп кітапханасында Мұхтар Шахановтың 80 жасқа толуына орай «Қаламгер шығармалары-өшпес мұра «атты тақырыпта әдеби вернисаж өткізілді. Мақсаты: Қазақ поэзиясының өзіндік орны бар Мұхтар Шахановтың өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат бере отырып, жырларының құдіретін сезіну, тіл шұрайын таныту, тарихи шындықты, сөз өнерімен өрнектелген әсемдікті түйсіне білуге баулу. Адамгершілік, рухани қасиеттерді оқушылар бойына сіңіру, отансүйгіштік сезімдерін шыңдау. Ел жандылыққа, халқына адал қызмет етуге тәрбиелеу. Іс шараға Жамбыл жалпы орта білім беретін мектебінің 6-9-10 сынып оқырмандары қатысты. Мектеп кітапханашылары Мұхтар Шахановтың жүріп өткен жолы мен жасаған еңбектері жайлы жас ұрпаққа айтып өтті.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.