ҚАЗЫҒҰРТ: Т.Рысқұлов атындағы мектеп-лицейінде Жайдарман ойыны өтті.

Т.Рысқұлов атындағы мектеп-лицейінде Жайдарман ойыны өтті. Жаңа маусым 1/4 финалдық ойынымен басталды.

Мақсаты:

Жастардың жан-жақты шығармашылық қабілеттерін дамыту олардың зерделік потенциалын жүзеге асыру. Жастар мен жасөспірімдердің зияткерлік,шығармашылық және әлеуметтік дамуына қолдау көрсету; Ойын бір кезеңде, «Сәлемдесу» сайысынан тұрды.«Жайдарман» ойынына мектебіміздің 5-7 сыныптарынан құралған 8 команда қатысты. Әділ қазылар алқасының шешімі мен көрермендердің қошеметіне ерекше бөлеген командалар мен ойыншылар марапатталды.

7 «А» сыныбынан құралған «Жас қыран» командасы І орынға,

7 «В» сыныбының «Армандастар» командасы ІІ орынды,

5 «Б» сыныбының «Болашақ жастар» командасы ІІ орынды,

«Құрама жастар» командасы ІІI орын, «Бәйтерек» командасы ІІI орын,

5 «Г» сыныбының «Рысқұлов жастары» командасы ІІI орынды иеленді.

«Үздік ойыншы» аталымына 7 «В» сыныбының оқушысы Ерназар Иманғали мен 5 «Г» сыныбының оқушысы Бақытжан Нұрлыбек лайық болды.

Үздік хабарлаушы аталымына 5 «Б» сынып оқушысы Ислам Бейбарыс ие болды.

Барлық командалар сайысқа жоғары деңгейде дайындалғаны көрінді. Жайдарманға қатысқан ойыншылар өздерін нағыз жайдарман ойыншыларындай көрсете білді.

Жайдарман сайысы жайдарлы да қызықты өтті.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.