
Қазығұрт ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты Шарбұлақ жалпы орта білім беретін мектебінде “Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу” тақырыбында 8-11 сынып оқушылары арасында ұлдар жиналысы болып өтті. Жиналысқа мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Батырбеков және мектеп инспекторы Нұрбеков Талғат Ибрагимұлы қатысты.
Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі — балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл мәселе қазіргі таңда көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр.
Қылмыстың алдын алудың бірден-бір жолы – оқушылардың мектептен тыс уақытта қосымша біліммен қамтылуын дұрыс ұйымдастыру.
Жалпы, құқық тәртібін бұзуға бейім балалар қайдан шығады? Жасыратыны жоқ, қоғамдық тәртіпті бұзған, қылмыс жасаған, сөйтіп ішкі істер бөлімдерінде есепте тұрған балалардың басым бөлігі жайсыз отбасылардан шығады. Ал енді бір тобы кейбір ата-аналардың бала тағдырына алаңдамауынан, оларды өз беттерінше қалдырып, мектептен тыс уақыттарында немен айналысып жүргендерін қадағаламауынан пайда болады. Осыған байланысты жас ұрпаққа құқықтық тәрбие беру – жан-жақты тәрбиенің маңызды бір саласындағы жасөспірімдердің құқықтық тәрбиесі болып табылады.
«Ел болам десең, бесігіңді түзе» деп айтқандай, әрбір ата-ана өз баласының тәртібі мен тәрбиесіне аса мән беріп, бос уақытта немен айналысатынына қатаң бақылау жасалып отырса, жасөспірімдер арасында болатын құқықбұзушылық пен қылмыстың болмауына көп септігін тигізер бірден бір себеп болатын еді. Нақты айтсақ, құқықтық білім беру арқылы жасөспірім құқықтың не екенің ұғынады және оның санасы қалыптасып, дамиды. Құқықты ұғынумен қоса, тұлғаны заңды құрметтеуге, қорғауға, орындауға дағдыландыру мен заңның әділдігіне сендіру — құқықтық сананың негізгі белгілері болып табылады. Аталған белгілер оқушыларды құқықтық тәрбиелеу — отбасынан және мектеп табалдырығынан бастап жүзеге асады. Осы мақсатта мектепте құқықтық кеңесте қарастырлатын ата – аналар жиналыстары, дәрістер, заң қызметкерлерінің қатысуымен кездесулер, ұстаздар тәжірибесімен ой бөлісулер, пікірталастар мен дөңгелек үстелдер сияқты ата – аналармен тығыз байланыстағы жұмыс жолдары жоспарға сәйкес өткізілуде.
Өскелең ұрпақтың дұрыс тәрбие алып, қоғамдағы құқықтарын пайдалана біліп, қатыгездіксіз өмірлерінің сақталуы жолында аянбай еңбек ету – біздің басты парыз. Сондықтан да, жаһандану үрдісі басым болып, батыстық өркениетке еніп келе жатқан қазіргі кезеңге жас жеткіншектерді жаңа заман талабына сай озық ұлттық дәстүр рухы негізінде тәрбиелеп, игі нәтижелерге жету жолында аянбай еңбек етейік.
373536 703854It can be difficult to write about this topic. I think you did an superb job though! Thanks for this! 502792
756131 663136Thank you for writing this tremendous top quality article. The data in this material confirms my point of view and you actually laid it out nicely. I could never have written an article this excellent. 385002
289899 168121I enjoy what you guys are usually up too. This kind of clever function and reporting! Keep up the quite excellent works guys Ive added you guys to blogroll. 553761
245058 371408Interesting post. Ill be sticking around to hear much more from you guys. Thanks! 281446