ҚАЗЫҒҰРТ: ҰСТАЗДАР ҰЛЫҚТАЛҒАН КҮН.

Халқымыздың ұлы батыры Б.Момышұлы «Ұстаздық – ұлы құрмет, себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді, Өмірге ұрпақ беретін аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз» деген.

Осы орайда Қазығұрт аудандық адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты «Болашақ» мектеп-гимназиясында «Ұстаз деген- жарық күні ғаламның» атты ардагер ұстаздарымызға мұғалімдер күніне және қарттар мерекесіне арналған кеш ұйымдастырыл-

ды. Іс-шараның мақсаты: мектебімізде талай жыл еңбек етіп зейнеткерлікке шыққан ұлағатты ұстаздарымызды ұлықтап, әрбір әңгімелерінен тәрбиелік өнеге алу. Кездесу кешіне келген ардагер ұстаздарымыз Ысмайыл Бағила, Жантасова Боранкүл, Даусейітова Рабиға, Абдулла Төлбасы, Медет Ұлша, Бердібаев Абдрайым ардагер ұстаздарымыз бүгінгі білім мен білік бәсекелес заманда ұландарымыздың биіктен көрінуіне күнделікті істерінде жаңашылдық арқылы, жан-жақтан берген тәрбиесі арқылы қол жеткізу керектігі туралы өз естеліктерімен бөлісті. Мереке соңында мектеп-гимназия директоры Нұрқұл Жанат Қаныбекқызы адамның құрметке бөленуі өзін қоршаған орта мен әрбір шәкіртіне асқан сезімталдықпен, жауапкершілікпен қарым-қатынас жасауында екеніндігін айтып, өз ризашылығын білдірді. Зейнеткер ұстаздарымыздың дендеріне саулық, отбасыларына амандық тілейміз!!!

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.