ҚАЗЫҒҰРТ: «ҰСТАЗ ЖОЛЫ- ҰЛЫ ЖОЛ» атты іс-шарада бірқатар мұғалімдер»Алғыс хатпен» марапатталды.

Қазығұрт ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен аудан орталығындағы Мәдениет үйінде білім беру қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған «Ұстаз жолы — ұлы жол» атты іс-шара өтті. Алғашқы сөз аудан әкімі Абдуллаев Арман Айдарұлы және Түркістан облысы Қазығұрт ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Уисимбаев Асан Тлеубердіұлы ұстаздар қауымын төл мерекелерімен құттықтады. Жиында саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнап, біліммен сусындатқан бірқатар мұғалімдер Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының «Алғыс хатымен», ҚР Салалық Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы «Құрмет грамотасымен», төсбелгісімен, аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды. Мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі Жамалова Ақмарал апай «Алғыс хатпен» марапатталды.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.